«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                          # #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

16.06.21

Мектептегі бас қосу

2021 жылғы 26 мамыр күні Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қонай ауылында орналасқан Чапаев негізгі мектебінің 8-9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып,өткізілді.
Кездесуді жаратылыстану-математикалық факультетінің оқутушысы Мейрамбек Қамидоллаұлы өткізді.
Аталған іс-шараның негізгі бағыты оқушыларға мамандықтар әлемінде бағдарлануға көмектесу, болашақ мамандықты таңдау кезінде олардың бейімділігі мен қабілеттерін лайықты бағалау, күмәнданушыларға саналы таңдау жасауға көмектесу болып табылады.
Мектеп оқушылары мен ұстаздарына Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі туралы аса құнды мағлұматтар берілді. Мейрамбек Қамидоллаұлы колледждегі мамандықтар,колледждің техникалық базасы, оқыту жүйесіндегі жаңашылдық ,білім беру сапасының жоғары сапада жүргізілетіні туралы паш етті. Кездесу барысында сан қилы сұрақтар қойылып,оларға ұтымды жауаптар берілді.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытты.
Жалпы ,оқу орнынан жасалатын жағдайдың жоғары деңгейде болатындығын,жақсы маман дайындауда зор жұмыс жасалып жатқандығы айтылды.