«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                          # #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

06.05.21

Ұлы Жеңіс жасасын!

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні- бұл барлық қазақстандықтар үшін айтулы оқиға.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күнді мерекелеу қазақстандық жауынгерлердің жаңа дәстүріне айналды.
Қазақстанда Отан қорғаушылар күні-2012 жылдың көктемінен бастап мемлекеттік мереке деп танылды. Бұл күн қазақстандықтардың ерлігінің шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді.
9 мамыр Қазақстандықтар үшін ерекше қымбат күн болып табылады. Бұл мерекені барлық қазақстандықтар қадірлейді. Бұл күні біз ардагерлерді және соғыс майданында ерлікпен қаза тапқан барлық майдангерлерді; ерен еңбектерімен жеңіс күніне жету үшін – » Бәрі майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін! деп тылда бар күшін салғандарды еске аламыз.
Осы мерекелер қарсаңында Қазтұтынуодағы Қостанай Жоғары колледжінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:
• «7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» тақырыбында сынып сағаттары.
• «Жеңіс күніне арналған Ашық хат» акциясы, онда 1 курс студенттері құттықтау хаттарын дайындады. Олардың үздіктері ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және жесірлерге тапсырылды. Олардың әрқайсысы үшін бізден алғыс хатын алу өте маңызды.
• «Естелік бағы» акциясы. Оның мақсаты-Ұлы Отан соғысында қаза тапқан немесе қатысқан адамдарға жасыл ескерткіштер орнату.Студенттер біздің Отанымызды қорғаған туыстары мен жақындарын еске алу үшін саяжайларда, үйлерінде ағаштар отырғызды. Біздің студенттер ұрпақтар арасындағы байланыс пен өмірдің осындай нышанын көрсетті.Олар үшін бұл – өз отбасы мен өз елінің тарихын білуге мүмкіндік беретін акция болды.
• «Өз батырыңыз туралы айтып беріңізші» патриоттық акциясы. Бұл іс-шара батыр ұрпақ туралы естелікті сақтауға бағытталған. Студенттер мен колледж ұжымы өздерінің жақындары мен туыстарының суреттерін ұсынып, «Мәңгілік полк » шеруіне онлайн түрде қатысты.
Барлық іс-шараға қатысушыларға алғыс айтамыз!
Құрметті ер азаматтар, сіздерді Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді, қайратты, мақсатты болыңыздар!