«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                          # #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

30.04.21

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні

Мамыр айының басында Қазақстан ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Қазақстанның ортақ шаңырағының астына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және басқа да көптеген ұлт өкілдері кіреді.Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан жерінде олар – бір тату халық.
Осы көктемнің жайма шуақ күндерінде күннің Отанымызға нұр шашып, жас бұтақтардың көктеп шыққаны сияқты, Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың сан алуандығы да мемлекеттің қалыптасуы мен гүлденуіне өз үлесін қосады. Әлемде Қазақстан сияқты ортақ шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан этностардың сан алуандығымен мақтана алатын елдер аз емес.
Мереке 1996 жылдан бастап тойлана бастады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды, осылайша еңбек күнін тойлау алынып тасталды.
Жыл сайын Қазтұтынуодағы Қостанай Жоғары колледжінде «Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған іс-шаралар өткізіледі.
15 сәуірден 30 сәуірге дейін студенттер мен олардың ата-аналарына арналған
# БізБірмізБіз Біргеміз # атты Челленджі өтті, оған барлық колледж топтары қатысты.
Челлендждің мақсаты:
— студенттерді бір-біріне көмектесуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету;
— әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеу;
— отансүйгіштік сезімін, Отанға: оның табиғатына, салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
«Қазақстан Халқының Бірлігі күні» мерекесіне орай #Ұлттық киім кию# челленджі ұйымдастырылған. Бұл челленджге 1 және 2 курс студенттері қатысты.
Барлық топтар өте белсенді болды, әр топ өзінің шығармашылығы мен даралығын көрсетті.

Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!