УЧРЕЖДЕНИЕ «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ КАЗПОТРЕБСОЮЗА»
   Адрес: г.Костанай, Аль-Фараби,99, kekk.kst@mail.ru Посмотреть на карте Телефон: +7 (7142) 56-81-62 тур по колледжу
быстрый займ на карту без отказов

Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов

Халқым деп соққан жүрегі

Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 1948 жылы 11 қарашада Қостанай қаласында дүниеге келген.1967 жылы Қостанай кооперативтік техникумын үздік бағамен аяқтады.
1971 жылы  Новосибирь кеңестік кооперативтік сауда институтын бітірген. Еңбек жолын Қостанай облыстық тұтынушылар одағында бастаған. 1971-1991 жылдары Қостанай және Торғай облыстарында комсомол, партия  органдарында қызмет атқарды. 1991-1994 жылдары  Торғай облысы әкімдігінің аппаратының басшысы. Торғай облысының, Аманкелді ауданының әкімі.
1994 жылы  ХІІ сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды. Жоғарғы Кеңестің Экономикалық реформа комитеті төрағасының орынбасары болды.

1994-2004 жылдары Қазақстан Респібликасы Үкіметі  Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі,  Қазақстан Республикасының Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі болып жұмыс істейді.

2004 жылы қыркүйектен  бастап ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
2004 жылы қараша- 2007 жылы маусым аралығында – ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

2007 жылғы қыркүйекте төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің депутаты болып қайта  сайланды. 2008 жылғы ақпаннан бастап «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Мәжілістегі Фракциясының басшысы.

2008 жылы қазанда IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

2012 жылы қаңтарда «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының  тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Орал Байғонысұлы өзінің ұйымдастырушылық  қабілетінің, жоғары біліктілігі мен адамгершілік қасиетінің  арқасында қоғамда үлкен беделге, зор абыройға ие болды.  Ол әрдайым тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалау жолында азаматтық парызына адал қарап, қоғамда реформаларды жүзеге асыруға, тұрақтылық пен келісімнің орнығуына зор үлес қосты.

Парламент Мәжілісіне  басшылық жасай отырып, Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов  Елбасының стратегиялық бағытын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге аянбай еңбек етті. Оның еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет» «Парасат» ордендерімен және бірқатар медальдармен марапатталған.

 вернуться