«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

«Экономика» мамандығы бойынша ақпарат

артқа

Мамандық атауы: 0519000 «Экономика» (салалар бойынша).
Біліктілігі: 0519023 – экономист
Оқу түрі
— күндізгі
— сырттай.
Оқу мерзімі:
— негізгі жалпы білім 2 жыл 10 ай
— жалпы орта білім 1 жыл 10 ай.
Сырттай оқу формасында:
— жалпы орта білім 1 жыл 10 ай
Оқыту тілдері – мемлекеттік, орыс.
Кәсіби қызмет саласы:
— ұйымның міндеттемелері және мүлік есебі,
— шаруашылық операцияларды жүргізу және ресімдеу,
— бухгалтерлік ақпаратты өңдеу,
— бюджеттік және бюджеттен тыс қорлармен есеп жүргізу,
— бухгалтерлік есепберушілік, салық есебі, салық жоспарын қалыптастыру.
Құзырлығы:
Түлектер таныс болу керек:
қазіргі бизнес саласындағы тенденцияның дамуы, негізгі құбылыстың түрін және экономиканы басқару мен өндіріс саласындағы туындаған проблеманы, сонымен қатар,кәсіпорындарды басқару үшін шет ел тәжірибесінен, жалпы экономиканы терең түсіне білу туралы.
білу: экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін, кәсіпорынды орналастыруды реттеу негіздерін, өндіріс процесіндегі экологиялық және санитарлық бақылауды, сапа бақылау негіздерін, еңбек туралы заңды, әлеуметтік реттеуді, антимонопольдік бақылауды, бағаның құрылуын; ақпаратты уақытында жинау, сақтау және өңдеу тәсілдерін, қазіргі ақпараттық технология негіздерін тың әдістерге қолдау көрсетуді, бухгалтерлік есеп негіздерін, аудит пен экономикалық талдауды, стратегиялық және тактикалық басқаруды,шаруашылық құқықты, , қаржылық менеджментті, сонымен қатар персоналды басқару мен халықаралық экономикалық қатынастарды.
жасай білу: кәсіпорындардың экономикалық қызметін және басқару ұйымдарының практикалық сұрақтарын кәсіби шешуді, шаруашылық субъектілердің өте тиімді нұсқасын таңдауды, қызметкерлерді ынталандыруды, кәсіпорын қызметін бақылауды; қызметкерлерді тиімді жұмыс тобына біріктіруді, жаңашылдық қызметті белсендендіру, жағдайға қонымды психологиялық микроклимат жасауды. Өзге кәсіпорын қызметі жағдайында басқару шешімдерін қабылдау үшін , сонымен қатар ,экономика, талдау және кәсіпорынды басқару бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін дағды болуды.
құзырлы болу: : шаруашылық субъектілердің қызметтерін құқықтық қызмет ету; өнімнің стандартизация мен сертификациясын, республикалық және халықаралық нормасын қолдану және сақтау; елімізді мемлекеттік реттеу; экономикалық талдауды жүргізу; стратегияны жасауда және кәсіпорын қызметінің өндірістік – шаруашылық тактикасын дайындауда.
Өндірістік практика: мамандық бойынша кәсіби практиканы өткізудің мақсаты оқушылардың теориялық алған білімін тереңдету және жүйелеу болып табылады, таңдаған мамандық бойынша қажетті практикалық дағды мен біліктілікті қалыптастыру, сонымен қатар оларды таңдаған еңбек қызметіне баулу. Жекеменшіліктілік пен ведомстволық тәуелділікке байланысты емес кәсіби практиканы ұйымдастыру және жүргізу білікті еңбек мамандарын сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының міндетті талабы болып табылады. .
Кәсіби практика студенттің мамандығына сәйкес ұйымдарда, кәсіпорындарында, мекемелерінде өткізіледі. Студенттің кәсіби практикасына бір ай қалғанда практиканы өту келісім шарты жасалады..
Кәсіби және диплом алдындағы практика объектісі ұйымдар мен жеке меншік формасына байланысты емес жеке кәсіптік қызметпен айналысатын және шаруашылық субъектілер болып табылатын жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін.
Оларға шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің формалары: АҚ, ЖШС, ЖК, фирмалар, бірлестіктер және компаниялар.