«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

«АЛАШ-2012» СК

alash-2012

«АЛАШ — 2012»  спорт клубының ережелері

Жалпы ереже

1.1. Осы  ереже  спорт  клубының  құқықтық  мәртебесін  және  оның мақсаттарын, атқарымдарын  басқару  механизімін, ұйымдастыру  тәртібін және  жұмыстың мазмұнын, жауапкершілігін, сондай – ақ колледждің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен қарым – қатынас тәртібін  реттейді.
1.2. (АЛАШ — 2012) спорт  клубы «Қазтұтынуодағы  Қостанай  экономика колледжі» білім беру  Мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады: «Дене шынықтыру» саласы бойынша оқудан тыс спорттық — денешынықтыру  жұмысын  іске  асырады.
1.3.   Клуб  денешынықтыру пәні  оқытушыларының  әдістемелік бірлестігінің шешімімен  құрылды  және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен  бекітілді.
1.4.  Клуб  заңды  тұлға  болып  табылмайды.
—  осы ережені;
1.5.   Клуб  өз  қызметінде  басшылыққа алады.
1.6.   Клуб  колледж  директорына  тікелей  бағынады.
1.7. Клуб  жұмысы  жыл сайынғы  жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге  асырылады.
1.8. Клубтың жұмыс жоспары  жыл сайын  қыркүйекте бекітіледі және колледж директорымен  келісіледі.
1.9. Клубтың қызметін бақылау колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен  жүзеге  асырылады.
1.10. Клубты тарату  туралы шешім денешынықтыру пәні  оқытушыларының  әдістемелік бірлестігінің  шешімімен  қабылданады  және  колледж директоымен  бекітіледі.

2.      Клубтың мақсаты  және  міндеті
2.1. Клуб қызметінің  мақсаты — жүйелі  дене    шынықтыру    сабақтарында    және   мекеменің   білім    алушылары  спортпен  шұғылдануда  салауатты өмір қажеттілігін, сондай-ақ  колледжде  спорттың  дәстүрлі  түрлерін  қалыптастыруға  жағдай жасау
2.2.  Спорт   клубының  міндеттері:
— колледжде    сабақтан   тыс   қызметінің  аясында дене   шынықтыруды   және   спортты  дамыту бойынша ұсыныстарды  әзірлеу;
— ДШ және спорттың жүйелі  сабақтарына  оқушыларды  қатыстыру  (тарту);
— денсаулықты  нығайтуда  ынталандыруды  арттыру;
— сабақтан  тыс  уақытта  колледждің  дене шынықтыру — спорттық жұмысын   ұйымдастыру.

3.  Клубтың  атқарымдары
Клуб:
— дене шынықтыру — сауықтыру  және спорттық-бұқаралық шараларды  ұйымдастырады  және  өткізеді, соның  ішінде  Техникалық және кәіптік білім беру колледждерінің арасында спорттық  жарыстарға  қатысады;
— спорттың  түрлері бойынша командалар  құрады және олардың әртүрлі деңгейдегі  (республикалық, облыстық және  қалалық)  жарыстарға қатысуын  қамтамасыз  етеді;
— колледжде  дене шынықтырудың, спорттың, салауатты өмір  салтының негізгі идеясын,  соның ішінде клубтың қызметін  насихаттайды;
— дене шынықтыру-спорттық  жұмыстарда  жоғары көрсеткіштерге  қол жеткізген оқушыларды  ынталандырады  және  марапаттайды;
— колледждің топтары арасында дене шынықтыру — сауықтыру  және спорттық-бұқаралық  жұмыстарында  жақсы нәтижелерге конкурстар ұйымдастырады   және  өткізеді;
— қалалық және облыстық  жарыстарға  қатысуға  командаларды  дайындау  үшін оқу — жаттығу  жиынын  өткізеді.

4.      Ұйымдық  құрылым
4.1. Спорттық клубты басқаруды  колледж директоры тағайындаған,   жетекші   жүзеге  асырады;
4.2. Спорттық  клубтың  жетекшісі  ұйымдастыруды және оның  қызметінің барлық  бағыттарына  жетекшілік  жасауды  жүзеге  асырады;
4.3. Клубтың  жеке  өз   атауы, эмблемасы, марапаттау  белгісі,  спорттық  киімі  болуы  мүмкін;
4.4.  Жынысын, дене  және  спорттық — техникалық  даярлығын ескере  отырып толықтыру, секцияда, топта және командада  шұғылдану клуб  жұмысының  негізгі  түрі  (тәртібі) болуы мүмкін.
4.5. Клуб құрылған орынның оқушылары,  ата — аналары, колледж  педагогтары, клуб  мүшелері бола  алады;
4.6.  Клубтың  сабақтары  кестеге,  сабақ кестелеріне, дене шынықтыру спорт шараларының  жоспарларына сәйкес өткізіледі;
4.7.  Клубта  сабақтарды тікелей  өткізу  дене шынықтыру пәнінің  мұғалімдерімен, топ  кураторларымен  жүзеге  асырылады

5.    Құқықтары  мен  міндеттері
5.1. Спорт клубы педагогтарының  құқықтары мен  міндеттері  ҚР еңбек заңнамасымен,  «Қазтұтынуодағы  Қостанай  экономика колледжі» Мекемесінің  ішкі тәртіп  ережесіне,  сондай-ақ  лауазымдық  нұсқаулармен  анықталады.
(белгіленеді)
5.2. Білім алушылар өз Клубы үшін дене шынықтыру — сауықтыру  іс-шараларына, спартакиадаларға,  дене шынықтыру мерекелеріне  қатысуға құқылы.
5.3. Білім алушылар (клуб мүшелері)  спорттық секциялардың  және  үйірмелердің сабақтарына  адал   қатысуға, сондай-ақ  спорттық   жабдықтарға  және клубтың  басқа  мүліктеріне  ұқыптылықпен  қараулары  керек.

6.      Қаржыландыру
6.1.  Спорттық  клубтың  қызметі  колледждің  қаржысынан  және  сырттан  тартылған  қаражаттардан (ерікті  қайрымдылықтан, жарналардан, мемлекеттік, жеке  және басқа ұйымдардан,  кәсіпорындардан,  сондай – ақ  жеке  тұлғалардан)  қаржыландырылады.

7.      Жауапкершілік
7.1. Спорттық  клубтың  әрбір  педагогы оған лауазымдық нұсқаумен жүктелген жұмыстың  орындалуының  сапасына, сондай-ақ  білім  алушының  өмірі  мен денсаулығына, жабдықтың  және  спорттық  мүліктің  сақталуына  жауапты  болады.

Спорт клубының жоспары