«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Ішкі тәртіп ережелері

Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік Ережелерге,  колледждің Жарғысына сәйкес әзірленді, «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесінде ішкі тәртіптерді, студенттердің негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілейді, сондай-ақ колледждегі студенттердің қызметіне қатысты басқа да мәселелерді реттейді.
Ішкі тәртіптің осы ережелері (әрі қарай — Ережелер) «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесінде (әрі қарай — Колледж) студенттерінің тіршілік әрекеттерінің ішкі тәртіптерін анықтайтын негізгі жергілікті нормативті акт болып табылады.
Ереже колледждегі білім алушылардың мінез-құлық нормаларын орнатады.
Ішкі тәртіп ережелері студенттердің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Оқу тәртібі
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, екі семестрден тұрады және берілген білім беруші-кәсіби бағдарлама бойынша оқу жоспарына сәйкес аяқталады.
Колледждегі оқу сабақтары семестрге құрастырылған оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесі бойынша  жүргізіледі.
Оқу-тәрбие үрдісінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін директор бекітеді және колледждің стендтері мен сайтында сабақтың басталуына дейін бір аптадан кешіктірмей орналастырылады. Факультативті сабақтар мен сабақтардың ауысуын өткізу үшін бөлек кесте жасалады.
Колледжде оқу қызметінің келесі негізгі түрлері орнатылады:
осабақтары: дәріс, практикалық сабақтар, семинар сабақтар, зертханалық сабақтар;
бақылау түрлері: емтихан, сынақ, өз бетімен жасалатын жұмыс, бақылау жұмысы, тест, бітіруші біліктілік жұмысын қорғау, мемлекеттік емтихан;
оқу ісінің басқа да түрлері: кеңес беру, практика, курстық жұмыс.
Барлық оқу және оларға қатысты орындарға сабақ басталғаннан кейін қалыпты оқу сабақтарын жүргізу үшін тыныштық пен тәртіп қамтамассыздандырылу керек. Оқу сабақтарын бөлуге, аудиторияға кіруге және сабақ жүру барысында аудиториядан шығуға жол берілмейді.
Оқытушы сабақ бастағаннан кейін аудиториялардан студенттердің шығып кірулері тек оқытушының рұқсатымен ғана жасалады.
Білім алушылардың топтық құрамы бөлім меңгерушілерінің ұсынысы бойынша директор бұйрығымен орнатылады.
Әр бір оқу тобында білім алушылардың пікірін есепке алып, ең тәртіпті және үлгірімі жақсы білім алушылар қатарынан староста сайланады.
Әрбір топта белгіленген түрде студенттің сабақ үлгірімін және сабаққа қатысуын есепке алу журналы жүргізіледі, ол журнал оқу бөлімінде сақталады және күн сайын сабақтың басталуы алдында оқытушыға баға қою үшін, сондай-ақ сабаққа қатысқандарды, қатыспағандарға белгілеу үшін беріледі. Пәнді бұзған жағдайда, сабаққа кешіккенде, оқытушы білім алушының аты-жөнін тәртіптік журналына енгізеді.
Себепті жағдайлармен сабаққа келмеген жағдайда студент келесі күннен кешіктірмей  топ жетекшісіне хабарлауы керек және оқуға келген бірінші күні ақтаушы сипаттағы мәліметтерді сақтайтын орнатылған үлгідегі құжатты және қатыспаған себебі туралы мәліметтерді (анықтама, шақыру қағазы, хаттар, телеграммалар және т.б.) ұсынады.

Білім алушылардың құқығы және міндеттері
 
Колледж білім алушылары төмендегі құқықтарға ие:
Колледждің оқу аудиториясын, оқу залын, кітапхананы, спорт және акт залын және басқа да оқу және оқу-көмекші бөлмелерді, құралдар мен жабдықтарды пайдалануға;
Колледждің өзін-өзі басқару органдарына сайлану және сайлануға;
Колледж қызметінің маңызды мәселелерін шешуге қатысуға;
Колледждің қоғамдық өміріне қатысуға: спорт секциясы жұмысына, көркем өнер үйірмесіне, жастар бірлестіктеріне, конкурстарға, конференцияларға және т.б.
Колледж әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін заңмен белгіленген тәртіпте шағымдануға;
Білім алушылардың қызметі бес баллдық жүйе бойынша бағаланады. Әрбір білім алушы өз еңбегіне уақытында, әділ, негізделген баға алуға құқылы.
Колледж білім алушылар мен қызметкерлер арасындағы даулы мәселелер барлық тараптардың көзқарастары мен мүдделерін есепке алынып шешілуі тиіс. Білім алушылар мен ұстаздар арасындағы даулы мәселелерді шешу қиындығы туындағанда, білім алушылар колледж әкімшілігі мүшесіне жүгінуге құқылы.

Колледж білім алушылары міндетті:
Таңдаған мамандық бойынша теориялық білімді, практикалық білімді, іскерлікті және дағдыларды жүйелі және терең меңгеру;
Міндетті оқу және практикалық сабақтарға қатысуға;
Сабақтарға қажетті оқу құралдарымен және жазу керек-жарақтарымен келуге; білім алушылардың жұмыс үстелінде бөтен заттардың болмауы тиіс. Қажетті оқу жабдықтарының жүйелі болмауы оқу тәртібін бұзуы болып саналады.
Оқу сабақтарында мұғалімдердің түсініктемелерін және жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдауға, сөйлеспеуге, басқа істермен айналыспауға, оқытушының барлық  нұсқауларын орындауға;
Оқытушыдан бір нәрсе сұрағысы келетін білім алушылар қолын көтеруге міндетті, оқытушының рұқсатынан кейін орнына тұрып, сұрақ қоюына болады.
Егер білім алушы дәлелді себеппен сабаққа  дайын болмаса, ол оқытушыны сабақ басталғанға дейін ескертуі керек. Негізсіз себеппен жауап беруден бас тартуы қанағаттанарлықсыз баға алуына апарады.
Зертханаларда, оқу бөлмелеріндегі сабақ өткізу барысында, өндірістік практиканың өтуі кезінде білім алушылар тек қана сабақ басшысы көрсеткен аспаптарды, саймандарды, жабдықтарды және басқа да құралдарды пайдалануы тиіс. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, оларды ұқыпты қолдануы қажет. Білім алушыларға колледж қызметкерлерінің рұқсатынсыз зертханалық, оқу және басқа бөлмелерден заттар мен жабдықтарды алуға тыйым салынады.
Сабақ жүру барысында аудиториядан кіріп-шығуға білім алушылар тек қана оқытушының рұқсатымен ғана жасай алады.
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға;
Ауырып қалған жағдайда немесе басқа да себептермен сабақтарға келмеген жағдайда білім алушы бөлім меңгерушісіне және сынып жетекшісіне (үш күн аралығынан кешікпей) хабарлап айтуға міндетті.
Ауырып қалған жағдайда білім алушы емдік мекеменің анықтамасын ұсыну керек. Болмау себептері туралы құжаттамалық дәлелдемелер жоқ білім алушылар оқу пәнінің бұзушылары болып саналады және оларға колледждің ішкі тәртіп ережелерімен қарастырылған шаралар қолданылады.
Білім алушылар дене тәрбиесі сабақтарына  спорт киімдерімен келуі тиіс. Спорт костюмдерін тек қана денешынықтыру сабақтарына және спорт секцияларына қатысу үшін киюге рұқсат беріледі.
Білім алушылар тәртіп мәдениеті нормаларын сақтауға міндетті.
Колледждің бөлмелерінде тиым салынады:
дауыстап сөйлесуге, шулауға, балағат сөздерді пайдалануға, сабақ өту кезінде дәлізде жүруге;
басқыншылық немесе бұзақылық (қорқытып алушылық) мінез-құлқы, өрескел мінез-құлығы, айқайлауы, түкіруі және т.б.), басқалардың мүліктерін ұрлауы, басқа адамдардың және колледждің жеке мүліктерін қасақана бүлдіруі;
оқу бөлімінде, жатақханада, тиісті емес орындарда темекі шегуі;
спирттік ішімдіктерді қолдануы, уландырғыш және есірткелік мас болу заттарын қолдануы;
құмар ойындар.
Студент студенттің академиялық адалдығын сақтауы қажет және мына жағдайларды болдырмауы тиіс:
аралық немесе қорытынды аттестаттау барысында, академиялық жұмысты орындау кезінде өзіне немесе басқа біреуге  көмектесу мақсатында көшіріп жазып алу,  шпаргалкаларды және басқа да заңсыз ақпарат алу тәсілдерін пайдалануға;
плагиат, яғни біреудің идеяларын немесе тұжырымдарын ұрлау немесе өз атынан шығару, өзіндік ойлары мен идеялары нәтижесі ретінде тиісті жұмысты таныстыруы;
лайықсыз қылықтардың кез келген басқа нысандары мыналарды қамтиды: құжаттардың немесе деректердің жалғандығы, өтірік, көшіру, өзгерту немесе сақталатын ақпараттарды (комьютерді қоса алғанда) кез келген басқа рұқсатсыз пайдалануы; басқа да осыған ұқсас әрекеттер,  осындай бұзылушылықтарға негізделген болуы мүмкін.
 
Студенттік өзін-өзі басқарудың қоғамдық органдары
Студенттік кеңес өз ісінде ҚР заңнамасын, осы ережелерді және басқа да нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Студенттік кеңес студенттер мен топ старосталарының жалпы жиналысында сайланған тұлғалардан құралады.
Студенттік кеңес:
топ старосталарының қызметтерін үйлестіреді;
студенттерді өз беттерінше Колледждегі (кабинеттерді жинастыруға) қоғамдық-пайдалы және қатысты аймақтардағы жұмыстарды орындау үшін шақырады;
колледж әкімшілігіне материалдық құндылықтардың сақтығын бақылауды ұйымдастыруға көмек береді;
студенттер мүдделеріне өкілдік етеді;
мәдени-бұқаралық жұмыстарды  ұйымдастыруға көмектеседі.
 
Оқудағы жетістіктері үшін мадақтаулар
Оқудағы жетістіктері үшін және Колледждің шығармашылық, ғылыми және қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге төмендегі мадақтау түрлері орнатылады:
алғыс жариялау;
құнды сыйлықтармен марапаттау;
басқа да мадақтау шаралары.
Мадақтау Колледж директорының бұйрығымен жарияланады, барлық ұжымға мәліметтенеді және студенттің жеке ісінде сақталады.
 
Оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілі
Колледж Жарғысында көрсетілген оқу жоспарларын, міндеттерді орындамағаны, бұзғаны, Ішкі тәртіп ережелерін, Жатақханада тұру ережелерін   орындамаған, бұзғаны үшін студенттерге қатысты әртүрлі  тәртіптік ықпалды шаралар қолданады, оқу орнынан шығарып жіберуіне дейін барады:
Ескерту
сөгіс жеке ісіне енгізуімен
колледж ішілік есепке қою
жатақханадан шығару
колледжден шығару
Білім алушыларға төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар қолданылады:
осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе жүйелі орындамаған кезде;
оқу орнын тағайындаусыз пайдаланғаны үшін;
оқу орнын бүлдіру немесе бұзуы үшін;
ішімдікпен мас болу немесе есірткемен мас болып келуі үшін;
30 сағат және одан да көп көлемде дәлелді себепсіз оқу сабақтарына қатыспағанаы үшін;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да жағдайларда.
Тәртіп шараларын қолдану колледж директоры бұйрығымен рәсімделеді.
Тәртіптік жаза шараларын қолданған кезде, жасаған қателіктерінің ауырлығы, оның жасалуы жағдайлары, студенттің алдыңғы оқуы мен мінез-құлқы есепке алынады.
Колледжде оқитын білім алушыларды олардың құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған кездерінде оқудан шығару, Колледж Жарғысымен және осы ішкі тәртіп  ережелерімен анықталады.
Студент колледжден төмендегі жағдайларда оқудан шығарылады:
өз еркімен, соның ішінде ауруы бойынша немесе басқа оқу орнына ауыстырылған кезде;
студентке дәлелді себептерсіз сабақтарға қатыспағаны үшін:
36 сағатқа (1 айда) – ескерту жарияланады;
72 сағатқа  (2 айда)  – сөгіс жарияланады;
108 сағатқа (семестрге) – колледжден шығару мәселесі қарастырылады;
академиялық үлгермеушілігі үшін (сессия кезінде 3 немесе одан да көп қанағаттанарлықсыз бағалар алған кезде, белгіленген уақыт ішінде академиялық қарызын өтемесе;
сот үкімімен заңды күшке енген қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ  Колледж студенті атағын және Колледж абыройын даттайтын басқа да құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаса оқудан шығарылады.
 
Ішкі тәртіп ережелерін орындауын бақылауды
оқу тобына – сынып жетекшісіне;
бөлімде – бөлім жетекшісіне;
колледж бойынша – тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарына жүктеледі.