«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Оқушылардың ғылыми қоғамы

 1. Жалпы нұсқау

Оқушыларының ғылыми қоғамы (одан әрі — ОҒҚ) өз білімдерін ғылымның белгілі бір саласына, оқу пәнін  жетілдіруге ұмтылып жүрген,  өз ақыл -парасатын дамытуға, ғалымдардың, оқытушылардың және басқа мамандардың жетекшілігімен ғылыми және зерттеу қызметінің  іскерлігін және дағдыларын алуға    талпыныс танытқан  оқушыларының ерікті шығармашылық бірлестігін. білдіреді.
 
2. ОҒҚ  мақсаттары мен міндеттері
 
ОҒҚ негізгі мақсаты оқушылардың өздігінен шығармашылық дамуына, олардың өзін-өзі тануына және өз ойын білдіруге жағдай жасау болып табылады.
 ОҒҚ — ның негізгі міндеттері:
·        оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
·        табиғи және әлеуметтік  қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығын  дамыту;
·        ғылыми — зерттеу жұмыстарының заманауи  әдістерімен танысу;
·        оқушылардың  білімділік деңгейін арттыруға ықпал ететін, жағдай жасау;
·        шығармашылық  әлеуетін (потенциалын),  тану ептілігін, болашақта  ғылымда және тәжірибеде жаңашылдықты меңгеруді және пайдалануды қалыптастыру;
·        Қала, облыс шеңберінде өткізілетін олимпиадаларға, сайыстарға, конференцияларға, ғылыми-тәжірибелік семинарларға қатысу.
 
3. ОҒҚ қызметінің мазмұны
  ОҒҚ қызметтері келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
·        оқушылардың ғылыми — зерттеу қызметін ұйымдастыру;
·        колледж қызметінің шеңберінде конференциялар  ұйымдастыру;
·        академиялық ғылымның, қоғамдық ұйымдардың, қаланың және облыстың әртүрлі кәсіпорындардың өкілдерімен байланысты жүзеге асыру;
·        ОҒҚ жұмысы туралы материалдарды насихаттау және тарату.
ОҒҚ шеңберінде  оқу жоспарының пәндері бойынша, ғылымның және техниканың әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады, онда қарастырылатындар:
·        қалыптасқан теориялардың, дүниетанымдардың, көзқарастардың, жобалардың салыстырмалы сипаттамасы;
·        өз жобаларын, теорияларын және т.б. әзірлемені;
·        әдеби туындылар  жазуда тарихи алдыңғы жағдайды, тілді дамытуда   ғылыми болжамдарды зерттеу.
Оқушылардың ғылыми — зерттеу жұмысының негізгі түрлері:
·        проблемалық — рефераттық — мәселелерді шешу және оларды шешу нұсқаларын жобалау мақсатында,  әртүрлі әдебиеттердің деректеріне аналитикалық салыстырмалы талдау жасау;
·        аналитикалық — жүйелендіруші — бақылау, тиянақтау, талдау, електен өткізу, зерттеліп отырған  үдерістердің және құбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйеге келтіру;
·        диагностикалық — болжамдық —  зерттеп білу, қадағалау, және зерттеліп  отырған үдерістердің және құбылыстардың сандық және сапалық өзгерістерін олардың болашақтағы мүмкін жағдайы ретінде түсіндіру;
·        өнертапқыштық — жаңашылдық — нәтиженің расталуы  немесе  жоққа шығару туралы болжамды тексеру;
·        жобалық — зерттеу — іздестіру,  әзірлеу және жобаны қорғау.
Колледж оқушысының ғылыми-зерттеу жұмысының  бағытын және мазмұнын ғылыми жетекшімен бірлесіп анықтайды,  ол колледждің, ЖОО-ның оқытушысы немесе өзге де қызметкері болуы мүмкін. Жұмыс тақырыбы пәндік циклдық комиссияның отырысында бекітіледі. Ғылыми жетекші тақырып бойынша жұмыс жасауды ұйымдастыру, сараптама жасаудың маңыздылығы, сондай-ақ жұмысты қалыптастыру, сөз сөйлеу, жұмыстың нәтижесімен таныстыру әдістемесі бойынша оқушыға кеңес береді.
 
4. ОҒҚ жұмысын ұйымдастыру
 
ОҒҚ жұмысы  белгіленген  нормативтік базасына сәйкес жүзеге асырылады,  оған  кіретіндер:
·        ОҒҚ туралы ереже;
·        ОҒҚ  конференциясы туралы ереже;
·        Оқушылардың ғылыми  байқау — сайысы туралы  ереже;
·        ОҒҚ ұйымдастырушылық  құрылымы (қосымшаны қараңыз).
Колледждің ОҒҚ  жұмысын ұйымдастыру келесі секциялар арқылы жүзеге
асырылады:
·        әлеуметтік — құқықтық пәндер секциясы (әлеуметтік- құқықтық пәндер кіреді);
·        жаратылыстану ғылымдары пәндерінің секциясы (физика, математика, химия, биология, география, сызу және астрономия пәндері  кіреді);
·        филология пәндері секциясы (қазақ, орыс тілдері және әдебиет, ағылшын тілі кіреді);
·        есеп — қаржы пәндері секциясы (есеп — қаржы пәндері кіреді);
·        экономика пәндері секциясы  (экономика пәндері кіреді).
Әр секцияның жұмысына пәндік циклдық комиссиясымен  ұсынылған колледж оқытушысы жетекшілік етеді.
Іздеу-зерттеу жұмыстарымен тұрақты айналысатын, өздігінен зерттеу  жұмыстарын өткізетін, ОҒҚ ұжымдық жобаларын іске асыруға белсене қатысатын Колледждің оқушылары ОҒҚ мүшелері болып табылады.
ОҒҚ мүшелері құқылы:
·        өздерінің жұмыстарына кеңестер және рецензиялар алуға, ғылыми жетекшілері болуға;
·        өзінің  зерттеу жұмысының нәтижесін жариялауға;
·        ОҒҚ секциясының жұмысына және конференцияға қатысуға;
·        ОҒҚ құрамынан өз еркімен шығуға.
Колледждің ОҒҚ  жетекші органы  ОҒҚ  Кеңесі болып табылады,
оқушылар қатарынан — президент, пәндік циклдық комиссияларымен
ұсынылған, оқытушылар қатарынан — ғылыми секциялардың жетекшілері
және директордың ғылыми — әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен
тағайындалған ОҒҚ  төрағасы  кіреді.
Колледждің ОҒҚ президентін оқу жылының басында, бір жыл мерзімге, директордың  ғылыми — әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындайды.
Колледждің ОҒҚ  кеңесі президент және төрағамен бірлесіп ғылыми секциялардың  қызметін жоспарлайды, үйлестіреді және бақылайды. Кеңестің қабылдаған шешімі оған қатысушылардың барлығы үшін міндетті болып табылады.
Оқу жылы бойына пәндік циклдық комиссиялармен  өткізілетін іс-шаралардың шеңберінде ғылыми-теориялық конференциялар өткізіледі, онда бір және бірнеше секцияның  оқушыларының жұмыстары немесе кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша конференцияның жұмыстары ұсынылуы мүмкін.
Колледждің ОҒҚ жұмысының оқу жылындағы  қорытынды кезеңі ОҒҚ конференциясын  немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарының сайысын өткізу болып табылады,  оған пәндік апталықтың шеңберінде өткізілген конференцияда  жүлделі орынға ие болған жұмыстар шығарылады.

 2017-2018 оқу жылына ОҒК Кеңесінің құрамы:
1.     ОҒК Кеңесінің Төрайымы: Кутумбекова С.И.
2.     ОҒК Кеңесінің президенті: М-209 тобының студенті Чернышова Ольга
3. Ғылыми секцияларының басшылары:
• Әлеуметтік-құқықпәндерініңсекциясы – Исмаилова А.Т.
• Ғылыми пәндерінің секциясы – Баирова Р.Т.
• Филология пәндерінің секциясы – Байкина Л.Т.
• Есеп-қаржы және экономика секциясы – Кутумбекова С.И.

ОҒК 2017-2018 оқу жылына жұмыс жоспары

2017-2018 оқу жылындағы ОҒЖ жұмыстарының жинағы
2016-2017 оқу жылындағы ОҒЖ жұмыстарының жинағы
2015-2016 оқу жылындағы ОҒЖ жұмыстарының жинағы