«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Үйірмелер

Колледж студенттеріне бос уақытын өткізуге тамаша мүмкіндік беріледі. Колледжде Ұлттық аспаптарда ойнауға, музыкамен, вокалмен, бимен айналысуға, КВН ойнауға, спорттық секцияларда спортпен айналысуға болатын шығармашылық бірлестіктер жұмыс істейді.

Студенттердің рухани тәрбиесін дамыту, ұлттық мәдениетке баулу, домбыра сияқты музыкалық аспаптарға қызығушылықтарын қалыптастыру  мақсатында колледжде  домбыра  үйірмесі жұмыс  істейді.

Студенттердің рухани  тәрбиесін дамыту, ұлттық мәдениетке баулу, домбыра  сияқты музыкалық аспаптарға қызығушылықтарын              қалыптастыру мақсатында,  колледжде  домбыра үйірмесі жұмыс істейді, осында оқушылар халықтық әндерімен, күйлермен және қазақ композиторларының  туындыларымен  танысады.

Домбыра үйірмесіне халық өнерін бағалай білетін оқушылар жиналды.

Колледждің хореографиялық үйірмесіне барлық курс студенттері қатысады.

Үйірме қатысушылары хореография сабақтарына үлкен сүйіспеншілікпен қатысады. Үйірме мүшелерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар әрдайым қызықты өтеді, сондай – ақ көрермендерге олардың өнер көрсетулері ұнайды. Біздің би ұжымы тек колледж сахнасында ғана емес, облыстық және республикалық деңгейде өнер көрсетеді.  Би ұжымы көрермендерді  ерекше әсерлендіретін  динамикалық, хореографиялықәсерлі  бағдарламаларды көрсетеді.

Вокалдық ән үйірмесі — бұл студенттерді музыкалық ән өнеріне жаппай тарту әдісі.  Ұжым құрамына тек дарынды оқушылар ғана емес, сонымен қатар ән айтқысы келетіндер де кіреді. Үйірмелерге іріктеу үшін колледжде жаңадан қабылданған топтар арасында көркемөнерпаздар байқауы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты-дарынды оқушыларды анықтау. Вокалдық үйірме мүшелері барлық іс-шараларға белсенді қатысады, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өз таланттарын көрсетеді, шығармашылық тәжірибе алу үшін түрлі конкурстарға қатысады.

2019 – 2020 оқу жылына
«Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі» Мекемесінің көркем өнерпаздар үйірмесі жұмысының
КЕСТЕСІ

өтіңіз

Screenshot_2