«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

«Статистика»

артқа

Мамандық: 0517000 – Статистика
Біліктілік: 0517013 – Статистик
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі:
негізгі орта білім базасы – 2жыл 10 ай;
жалпы орта білім базасы – 1 жыл 10 ай.
Кәсіби қызмет саласы: Статистик – қызметі өңдеуді және қоғамдық көрсеткіштің саны мен құбылысын, олардың өзгеру мен даму дәрежесін зерттеуді атқаратын маман.Ол мемлекеттік билікке бағынатын қызметкер немесе әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың бөлім жұмыскерлері. Тағы да атап өтетін жағдай, статистик (санақшы)жұмысы -жинақтау, өңдеу және мемлекет пен ондағы болып жатқан оқиғалар ақпаратарының топтамасын талдайтын сарапшы.
Құзырлығы:Ресми органдар құрған нысандары мен мерзімдері бойынша мерзімдік есептер мен мерзімдік статистикалық есеп беруді құрастыру жұмыстарын атқарады.Алғашқы құжаттар негіздемесінде, сонымен қатар, бөлімшелер ұсынған ақпараттарда, есептерде, жоспарлық тапсырмалардың, мәліметтердің, құрамындағы қызметкергежазылған сапалы мінездемесінің,техникалық құралдардың, көліктердің т.б. деректері жинақталады. Алынған деректердің жеке бөлімшелері бойынша өткен кезеңмен сәйкестілігі және дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады. Сандық деректерді жүйелейді және өңдейді (олардың топтамасын жүзеге асырады, нәтижесін санайды, қатыстық көрсеткіштерін есептейді).Кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық – қаржылық қызметін талдау барысындағы жұмысына қатысады.Берілген статистикалық есеп негіздемесіне әр түрлі анықтамалар дайындайды.Қазіргі технологиялық құралдарды қолдану үшін қажетті шаралар жасайды.
Өндірістік практика: Статистик — облыстық және аудандық статистика басқармасында өндірістік практиканы өтеді.