«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Оқытушылары мен қызметкерлерінің Ар — намыс кодексі

Педагог қызметкерлер өз қызметінде:
1) білім алушыларды ата — аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс — әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін — өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) колледждің мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез — құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық — психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым — қатынас жасауда педагог
қызметкерлер:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір — қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс — әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс — әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым — қатынас жасауда педагог қызметкер:
1) жалпы қабылданған адамгершілік — әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.