«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Тарихы

«Қазтұтынуодғының Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесі 60 жыл өз қызметін атқарып келе жатқан өмір мұхитындағы шағын арал. Осы кезеңде  қаншама оқиғалар болды!  Тәртіптер өзгеріп,  мұраттар  мен  құндылықтар  үзілді,  бір нәрселер  ұмыт  болды, енді бір нәрселер  тарихқа айналып, біздің есімізде  қалды.

collegeold

            Колледждің  тарихы  Қазақстанда  тың  жерлерді игеруден  басталады. Тың жерлерді барлық  ел игерді, көптеген ұлттардың және халықтардың  өкілдері  тату — тәтті және ауыз бірлікте еңбектеніп, Қазақстанның жазық  кең даласында, жаңа кеңшарлар ашты. Тұтыну кооперациясы  диқандар мен малшыларға, құрылысшылар мен зиялыларға — барлық ауыл еңбеккерлеріне қызмет көрсетуге тартылып,   оларға атқарған ауыр  еңбектеріне  лайықты қызмет көрсетті.  Кадрлардың қажеттілігін  ескере  отырып, 1956 жылдың  25 мамырдағы  Орталықодақ басқармасының № 295 қаулысы бойынша, сауда кооперативтік  мектебінің негізінде, Қостанай кооперативтік техникумы  құрылды.

Алғашқы  қабылданған  оқушылар көп болған жоқ — 120 адам: 60-ы бухгалтерлік бөлімге және соншасы тауартану бөліміне. Сонымен қатар техникум жанында сатушылар дайындайтын кооперативтік училище болды. Қостанай кооперативтік  техникумының директоры болып, В.П.Горбунов тағайындалды. Ол кезде техникумда он үш оқытушы жұмыс істеді: Плешкова М.Д., Томилова З.Д., Кашникова М.А., Нидерер Л.Н., Тарабанова Л.В., Глушков М.Г., Овсиянко А.С., Прокопенко Е.Д., Винокурова А.В. және т.б. Бұл біздің оқу орнының қалыптаса бастаған жылдары  еді.

Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейін техникум Қазтұтынуодағының басқаруына  тапсырылды және Қазтұтынуодағы басқармасының 1999 жылдың 17 мамырдағы № 14 қаулысының негізінде Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжі  болып аты өзгертілді. Біздің  колледждің    ашылуына,   қалыптасуы    мен   дамуына    құрылтайшымыз — Қазтұтынуодағының  атқарған рөлі  зор.  Қазтұтынуодағының   басқарма  төрағасы  Ашляев Х.С.

Біз колледжді өздерінің бар күшін, ақыл-ойын, қуатын, махаббатын беріп, әртүрлі уақытта басқарған кісілердің есімдерін әрдайым есімізде сақтаймыз. Олар (бұлар) Горбунов Виктор Петрович, Черенков Алексей Иванович, Сақтағанова Хазина Мухамбетовна, Вишнякова Зинаида Ивановна, Семёнова Вера Григорьевна, Ефремцев Геннадий Андреевич, Никиша Михаил Васильевич, Хамзин Қабиболла Хамзаұлы.

Колледж  өзінің еңбек дәстүрлерімен атағы шыққан, осы жерде үздік педагогтар жұмыс істеді және жұмыс істеп жатыр. Оқу орнының жұмыс істеген уақытынан бері оқытушылар мен қызметкерлердің жоғары кәсіби ұжымы қалыптасты. Оқытушылардың жартысынан көбі жоғары және бірінші дәрежелі, ғылым кандидаты және магистрлар бар.

Колледжде әртүрлі жылдарда жұмыс істеген ардагерлер, біздің білім ошағының алмаспайтын қорғаушылары  болып келеді. Білім беру ісіне және жас ұрпақтарды тәрбиелеуде осындай педагогтар, Олейник Л.Н., Соколова В.П., Макарова В.В.,  Фомина Р.В., Суздальцева О.Н., Махитько Н.А., Путырская М.Е., Насонов В.П., Шекетера П.А., Мясникова З.Т., Ластоверова А.В., Якоби Л.В., Королёва В.В.,  Толмачев А.Н., Краснов Б.Н., Кузьменко В.В., Семейкина В.Ф., Головизнина Р.М., Нефёдова Л.В., Термяева Л.К., Байкова Н.П., Зелепухина В.А., Карпухина Л.С., Лазурко Н.В., Абдрахманова Т.К., Леокумович Т.М., Джантурина К.А.,  Проценко В.А., Поринг Л.А., Чубенко В.Н., Сысоева А.И., Чудаева И.Н.,  Квочкина В.Ф., Китаева Л.Г.,  Абдуллина Г.А., Салькина Г.Ж.  Сондай — ақ жоғары білікті кәсіпқойлар — Козырь В.И., Федорцова В.Л., Сырлыбаева А.З., Ядринцева К.В., Отечко С.В., Давыденко И.П. және т.б. өз үлестерін қосты.

Өткеннің жақсы дәстүрлерін жалғастыра отырып, біздің оқу орны, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында ғана емес, алыс және жақын шетелдерде еңбек етіп жатқан,  жоғары білікті, бәсекелесуге қабілетті мамандарды дайындайтын орталық болып қала береді.