«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Мәдени-адамгершілік және экологиялық тәрбиелеу

артқа

Болашақ мамандарды тәрбиелеуде оң дағдыларды үйренуге, мінезін қалыптастыруға, бастаманы дамытуға, шығармашылық қабілеттерді және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпалын тигізетін мәдени-адамгершілік және шығармашылық қызметіне аса маңызды мән беріледі. 

Студенттерде адамгершілік пен жоғары мәдениетті тәрбиелеу тұлғаның  қалыптасу  үрдісінде маңызды міндеттердің бірі болып табылады. 

Осы жұмыстың бағыты рухани, адамгершілік, этикалық, эстетикалық тәрбиелеуді өзіне енгізеді, осылардың бәрі колледжде мынадай іс-шараларды өткізумен сүйемелденеді:

Білім күні  — студентік билеттерін табыстаумен бірінші курс студенттеріне арналған линейка; Аналар күні — (әдеби-музыкалық композиция); Қарттар күні мен Отбасы күні – тақырыптық сынып сағаттары өткізіледі; оқу орнында студенттердің мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, мынадай үйірмелер қызмет етеді: вокал, музыкалық аспаптарда ойнау топтары (домбра, гитара), мүшелері колледж қызметкерлерінің алдында және студенттердің жаппай мәдени іс-шараларында мерекелік концертпен шығатын би үйірмелері (Білім күні, Мұғалімдер күні, 8 Наурыз, Жеңіс күні және басқа); мұрайжайлар мен көрме залдарына бару; мәдениетті, әдебиетті, өнерді, музыканы насихаттау бойынга сынып сағаттары;

Жұмыстың осы бағытымен тығыз байланысқан студенттердің экологиялық тәрбиесі болып табылады, ол табиғатты қорғау жіңішке мәнінде емес, барынша мәдени-антропологиялық мәнінде қабылданады және қоршаған ортаны қолдау жаупкершілігі әр индивидқа жүктеледі.

Студенттер «Қоршаған әлеммен өзара байланыс» зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында сынып сағаттарында баяндамалармен және рефераттармен шығады.