«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

«Құқықтану» мамандығы бойынша ақпарат

артқа

Мамандық атауы: құқықтану
Біліктілігі: кеңесші-заңгер
Оқыту нысаны: күндізгі, сырттай
Оқу мерзімі: 9 — сынып негізінде: 2 жыл 10 ай; 11- сынып негізінде: 1 жыл 10 ай
Кәсіби қызмет саласы: құқық қорғау органдары, сот органдары, әділет органдары, мемлекеттік органдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Құзыреті:
— құқықтық мәселелердi қарау кезiнде сотта және өзге органдарда белгiленген тәртiппен кәсiпорындардың, мекемелердiң мүдделерiн қорғайды;
— шағымдық-талаптық жұмысты ұйымдастырады және жүргiзеді;
— шаруашылық шарттарды дайындауға қатысады;
— шарттардың, келiсiмдердiң дайындалу және орындалу практикасын, сондай-ақ шағымдардың қаралу нәтижелерiн талдайды және қорытындылайды, басшылыққа анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар бередi, еңбек тәртiбiн нығайту жөнiндегi шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады;
— кәсiпорындар, мекемелер қызметiнде туындайтын құқықтық мәселелер жөнiнде кеңестер, қорытындылар, мәлiметтер бередi.
Өндірістік тәжірибе: халыққа қызмет көрсету орталығында, ішкі істер органдарында, нотариалдық және адвокаттық контораларда, екінші деңгейдегі банктерде, жергілікті атқарушы билік органдарында, соттарда, прокуратурада, әділет органдарында, ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда.