«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

«Құқықтану», «Бағалау», «Менеджмент», «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтар бойынша ақпарат

артқа

Мамандық атауы: Құқықтану
Біліктілігі: кеңесші-заңгер
Оқыту нысаны: күндізгі, сырттай
Оқу мерзімі: 9 — сынып негізінде: 2 жыл 10 ай; 11- сынып негізінде: 1 жыл 10 ай
Кәсіби қызмет саласы: құқық қорғау органдары, сот органдары, әділет органдары, мемлекеттік органдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Құзыреті:
— құқықтық мәселелердi қарау кезiнде сотта және өзге органдарда белгiленген тәртiппен кәсiпорындардың, мекемелердiң мүдделерiн қорғайды;
— шағымдық-талаптық жұмысты ұйымдастырады және жүргiзеді;
— шаруашылық шарттарды дайындауға қатысады;
— шарттардың, келiсiмдердiң дайындалу және орындалу практикасын, сондай-ақ шағымдардың қаралу нәтижелерiн талдайды және қорытындылайды, басшылыққа анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар бередi, еңбек тәртiбiн нығайту жөнiндегi шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады;
— кәсiпорындар, мекемелер қызметiнде туындайтын құқықтық мәселелер жөнiнде кеңестер, қорытындылар, мәлiметтер бередi.
Өндірістік тәжірибе: халыққа қызмет көрсету орталығында, ішкі істер органдарында, нотариалдық және адвокаттық контораларда, екінші деңгейдегі банктерде, жергілікті атқарушы билік органдарында, соттарда, прокуратурада, әділет органдарында, ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда.

Мамандықтың атауы«Бағалау»
Біліктілігі – бағалаушы – техник
Оқу нысаны –күндізгі
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай
Кәсіби қызмет саласы – азаматтық құқық субъектілеріне қатыстылығы, олардың құқығы мен қызығуларын ескере отырып,материалдық және материалдық емес объектілердің құнын анықтау бойынша кәсіби қызмет болыт табылады. Бағалаушы — кез — келген меншік түрлерінің құнын анықтайтын маман. Олардың қызметі – жылжымалы немесе жылжымалы емес мүлікті, жерді, акция пакетін, бизнес үлесін, мүлік құқығын, материалды емес активтердің құнын бағалап береді.
Құзырлығы:
— бағалау әдістемесін білу
— сараптама дағдысын меңгеру
— стандартты білу
— техникалық есеп жүргізу
— түсініктеме хаттар мен технологиялық жабдықтар жоспарын құру
— мүлік бағасын бағалай білу
Өндірістік практиканы – бизнес үлесін бөліп шығаруды, құнды қағаздармен зиян мен шығынды және өтем көлемін анықтауда интеллектуалды меншік көлемін және тағы басқа операцияларды ресімдеуді бағалау компанияларында, банктерде, сатып – алу- сату мәміле жасау кезіндегі сақтандыру компанияларында тәжірибе жинақтап, өтеді.

Мамандықтың атауы —  Менеджмент
Біліктілігі: 0515013 – Менеджер
Оқу түрі: күндізгі, сырттай
Оқу мерзімі:
негізгі орта білім базасы – 2жыл 10ай;
жалпы орта білім базасы– 1 жыл 10 ай.
Кәсіби қызмет саласы: Менеджер — бұл басшы немесе басқарушы кәсіпорын қызметінің белгілі бағытына жауап беруші (қызметшілер менеджері, инвестициялық менеджер, қоғамдық қызметпен байланысты менеджер, қаржы менеджері, тәуекел менеджері,бренд-менеджер, экаунт-менеджер,сату – сатып-алу), жоба меңгерушісі (жоба менеджері) немесе толық ұйым меңгерушісі (топ-менеджер).
Құзыреттілігі: Бүгінгі күн менеджері барлық елде тиімді және инновациялы басшы ретінде қабылдайды = лидер +билік+ жұмыс стилі + карьера. Менеджердің ішкі өзара байланыс сұрақтары бойынша кең білім мен стандартты емес ойлар жүйесі болуы керек.
Өндірістік практика: Менеджер кәсіпорындарда, өндірісте, жарнама мен маркетингте өндірістік практиканы өтеді(мысалы, клиентпен жұмыс істейтін менеджер, жарнама менеджері, даму бойынша менеджер, маркетологтың ассистенті және т.б.);
қаржыда, банкте, бухгалтерияда (мысалы, басқару бөлімінің стажері, топ басшысының ассистенті);консалтингте және тренингтерде (мысалы, топ басшысының меңгерушісі, жобаларды басқаратын менеджер).

Мамандықтың атауы – Әлеуметтік жұмыс
Біліктілігі: 0501013 – Әлеуметтік жұмыс маманы
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
Кәсіптік қызмет саласы:Әлеуметтік қызметкер маманымүгедектерге материалдық –тұрмыстық және моральдік көмекті, жалғызбасты қарт адамдарға, көпбалалы аналарға, жетім қалғандарға, ауырпалық түскендерге, экологиялық апатпен байланысты психикалық депрессияға түскен панасыз қалған азаматтарға, ұлтаралық жанжал мен соғыстардан отбасынан, тұрғылықты мекенінен, жұмысынан, өз мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқандарға көмек көрсетеді және ұйымдастырады.
Құзырлығы:кәсіби жұмысты атқара алуы: кеңес беру, дәнекерлік, арнайы көмек, т.б.әлеуметтік қызмет, емдеу –алдын –алу денсаулықты сақтау мекемелері мен ұйымдарында;
өмірдегі қиын жағдайда қалған тұлғаларға дәрігерлік – әлеуметтік қызметтер көрсету;
қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарды, емдеу – алдын-алу мекемелерін, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерін ұйымдастыру және бағыттап отыру;
тұрғындардың дәрігерлік –әлеуметтік проблемасы бойынша ғылыми – аналитикалық қызмет жүргізу;
денсаулықты сақтау және әлеуметтік қызмет мекемелері мен ұйымдарындағы ұйымдастырушылық – басқарушылық және әкімшілік жұмысына қатысу.
Өндірістік практика:Әлеуметтік қызметкер — облыстық және аудандық әлеуметтікмекемелерінде өндірістік практиканы өтеді.