«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Колледждің психологиялық қызметі

Мақсаты: оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, колледжде жайлы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыру және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
1) оқушылардың жеке және интеллектуалдық дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеуді және өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру;
2) ақпараттық қоғамның жылдам дамып отырған жағдайында оқушыларға олардың табысты әлеуметтенуі үшін психологиялық көмек көрсету;
3) оны психологиялық – педагогикалық зерттеу негізінде әрбір оқушыға жеке көзқарасты қамтамасыз ету;
4) психологиялық диагностика өткізу және оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6)  оқушылардың психологиялық денсаулығын қорғау;
7) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен оқытушыларға консультациялық көмеккөрсету;
8)колледждің оқытушыларының психологиялық- педагогтық құзыреттілігін арттыру.
Колледждің психологиялық қызметінің негізгі бағыттары және мазмұны

Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
Психодиагностикалық бағыттар:
1) психологиялық дамуын анықтау мақсатында оқушылардың
психологиялық диагностикасын өткізу;
2) оқушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
Консультациялық бағыттар:
1) оқушыларға ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
2) оқушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топтық консультацияжүргізу;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайға ұшыраған оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4)тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
1) оқушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету
2) оқушылардың бейімсіздігінің психологиялық алдын алу;
3) оқушылардың әлеуметке жат тәртіптерінің профилактикасы;
4) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау;
5) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету.
Түзету-дамытушылық бағыттар:
1)жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
2) оқушылармен мен оқытушылардың тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
3) тұлғааралық жанжалдық қатынастарды түзетуді жоспарлау.
Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Психологиялық қызмет жеке ТжәнеКБ педагог–психологтарымен, психологиялық орталықтармен өзара жұмыс істейді.