«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Китебаева Кенжегүл Әлмағамбетқызы

Китебаева Кенжегүл Әлмағамбетқызы 1961 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Қостанай облтұтынуодағы кооперативтік колледжін бітірген, ал бұрын 1960 жылы, ол нәтижесінде комбайнер біліктілігі берілген, осы колледжде 4-айлық курстарын тәмамдаған.

Колледжді бітірген ненкейін, ол Мәскеу кооперативтік институтына түскен. Осы атақты университетті   сәтті тәмамдап, 1968 жылдан бастап өмірінің соңғы күніне дейін ол Қарағанды ​​экономикалық университетінің есеп және аудит кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді және бухгалтерлік есеп бойынша бірінші оқулықтарды  мемлекеттік тілде шығарған Қазақстанның алғашқы оқытушыларының бірі болды.

Китебаева К.А. әрқашан университеттің  оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері арасында лайықты құрметке ие болды. Кенжегүл Әлмағамбетқызы, студент жастарының бірнеше ұрпағының   рухани және идеологиялық тәлімгері болып табылады,оның ішінде белгілі және атақтышәкірттері Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы — Қарағанды ​​экономикалық университетінің ректоры, Бугубаева Роза Олжабаевна — ҚҚЭУ оқу-әдістемелік жұмысыжөніндегі Бірінші проректор және бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушыларының барлық командасы мен практикалық қызметкерлері: Нығматулин Ерлан Зарулаевич — Қазақстан Республикасы Парламентінің экс-депутаты, Бош Марианна Валерьевна –«Эфес Қарағанды ​​сыра зауыты» АҚ ЖК қаржы менеджері, Құлжанов Ахмет Kaтаевич — «Қарағанды ​​электротехникалық жабдықтар зауыты» АҚқаржы директоры және т.б..

Кенжегүл Әлмағамбетқызыадал еңбегі үшін, қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін КСРО Орталық одағының және Қазтұтынуодағының,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірнеше рет мақтау қағаздарымен марапатталды, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ерең еңбегі үшін» медалімен, медаль «Еңбек ардагері» белгісімен марапатталды. Социалистік жарыстарда жетістіктері үшін бірнеше рет Құрмет тақтасына енгізілген.

2006 жылы, оның өз мамандығы мен ісіне деген берілгендігі үшін К.Ә. Китебаеваға Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкерінің атағы берілді және Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен марапатталды.

артқа