«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Кітапхана туралы ақпарат

Колледж кітапханасы «Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжі» мекемесінің әдебиеттер мен ақпараттық оқу- тәрбиелік процестерін камтамасыз ететін, сонымен қатар, білімді, рухани және интеллектуальді қатынасты, мәдениет пен жаңа ақпараттық технологияны тарататын маңызды құрылымдық бөлімше орталығы болып табылады.
Кітапхана жалпы көлемі 172,7 шаршы метр болатын жеке орынды алып жатыр.Кітапхана көпфункциональді құрылыммен, түрлі- түсті принтер, ксерокс, сканер, ризограф және компьютермен жабдықталған. Интернеттік анықтама қорына шығу үшін кітапхана электрондық база негіздемелері мен электронды каталог құрумен қатар, кітапхана қорын толық автоматтандыруға толық көшіру үшін «Кітапхана ісі» бағдарламасы құрылды.
Кітапхананың кітап қоры – 57465 дана кітапты құрайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкесті құрастырылған оқу жоспары мен оқу бағдарламасын зерттеу негізінен құрылған қормен толықтырылған мамандықтар, нысан мен оқыту тілдері бойынша оқушылардың контингентін ескере отырып жабдықталған.
Кітапхана қаланың кітап дүкендерінің жүйесі арқылы « Фолиант», «Экономика», «Мектеп», Атамұра», «LEM», «Игілік group», «Экономика және қаржы қазақ университеті» , «Book Plus» республикалық баспаларымен толықтырылған. Сонымен қатар, кітапхананың кітап қоры колледж оқытушыларының баспа және электронды еңбектерінен құрылған.
Барлық пәндер оқу, оқу –әдістемелік әдебиеттер, электронды және магниттік ақпараттармен жабдықталған.
Кітапханаға жаңа кітаптар мен журналдардың жаңа түсілімі болғанда, жаңаларға шолу жасалынып, педагогикалық ұжым мен оқушыларға жеткізілетін ақпараттық жаңа түсілім бюллетеньдері мен әдебиеттер тізіміне ұсыныс көрсеткіштері беріледі.
Әдебиеттерді насихаттау нысанының кең таралған түрлері: ақпараттық және нұсқаулық сипаттағы кітап көрмелері. Олар Қазақстан Республикасының Президенті мен үкімет саясатының актуальді сауалдарына, экономикаға, атаулы күндерге, белгілі адамдардың өмірі мен шығармашылығына, оқу процесінің қазіргі проблемасына, тәрбиеге, өз бетімен оқып ізденуге арналған.
Кітапхана қызметкерлері «Кітапхана — ақпараттық орталық» стендісінде кітапха жөніндегі жаңа ақпараттарды орналастырады және ақпарат, кітап жаңалықтары, атаулы күндер, біздің кезең, ақын өлеңдері, данышпан сөздері, зерлі ойлар, мәдени мұралар, оқымысты ізденімпаздарға кеңес беру бөлімдерін жиі жаңартып отырады.
Кітапханада педагогика бойынша оқытушыларға көмек ретінде әдістемелік әдебиеттер және кезеңдік баспа материалдары жинақталған педагогикалық ақпарат бұрышы үнемі жұмыс жасайды. Жаңа технологиямен педагогика картотекасы жаңа түсіліммен толтырылып отырады, тақырыптық папкалар ресімделінеді.Кітапханада оқытушылар мен студенттердің өз танымдарын байытуына арналған кең көлемді кезеңдік баспалар, ғылыми- танымдық және көркем әдебиеттер бар.