«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Қашықтықтағы онлайн-олимпиада

Экономикалық мамандықтар («Есеп және аудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Менеджмент», «Бағалау», «Статистика», «Экономика»):

9 сынып базасы негізінде: тестілеуді бастау

11 сынып базасы негізінде: тестілеуді бастау

«Құқықтану» мамандығы:

9 сынып базасы негізінде: тестілеуді бастау

11 сынып базасы негізінде: тестілеуді бастау

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы:

9 сынып базасы негізінде: тестілеуді бастау

11 сынып базасы негізінде: тестілеуді бастау

 

1. Жалпы ережелер

1.1.Осы Ереже Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 2016 жылғы 19 қаңтарындағы «Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадаларға және конкурстарға қатысушылардың құрамын қалыптастыру ережесін бекіту туралы» № 45 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру пәндері бойынша өткізілетін мектеп оқушыларының олимпиадаларының республикалық ережелеріне сәйкес әзірленді.
1.2.Осы Ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша қашықтықтағы олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) жай-күйін, мақсат — міндеттерін, ұйымдастырылу және өткізу тәртібін, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруын, Олимпиадаға қатысу тәртібі және жеңімпаздар мен жүлдегерлерін таңдауын анықтайды.
1.3.Олимпиаданың ұйымдастырушысы «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесі (бұдан әрі — Колледж)
1.4.Олимпиадаға ерікті негізде негізгі, орта жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеріп жатқан 9-шы және 11-ші сынып оқушылары қатысады.
1.5. Олимпиада орыс және мемлекеттік тілдерде өткізіледі және
Олимпиадаға қатысу үшін ақы алынбайды.

2. Олимпиаданың мақсат-міндеттері

2.1.Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
• негізгі және орта жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерген, білім беру ұйымдарының студенттерін анықтау және дамыту, білім беретін бағдарламалардан тыс шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын жалпы тәуелсіз зерттеу;
• болашақ мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
• тұлғаны қалыптастырудың ерте сатыларында жастарға кәсіби бағдар беру.
2.2 Олимпиаданың міндеттері:
• студенттерді іздеу, қолдау және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
• функционалдық сауаттылықты меңгеру дағдыларын дамыту;
• студенттердің жетістіктерін тиімді бақылау;

3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Олимпиада «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесіне түсу үшін ұйымдастырылатын емтиханының тізіміне енгізілген пәндер бойынша жүргізіледі: математика, қазақ тілі, құқық негіздері, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы.
3.2. Бұл Ереже түлекті түсу емтихандарынсыз колледжге қабылдауды қарастырады.
3.3. Олимпиаданың тапсырмаларын аяқтау үшін оқушыларға 48 астрономиялық сағаттан артық уақыт берілмейді.
3.4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігі колледждің кәсіптік бағдарлау орталығының мүшелеріне жүктеледі.
3.5. Олимпиаданың нәтижелері 2018 жылдың 19 наурызда колледждің сайтында жарияланады.

4. Олимпиадаға қатысу тәртібі

4.1. Олимпиадада мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылытатын білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің 9-11 сынып оқушылары қатысады;
4.2. Олимпиаданың тапсырмалары пәндердің барлық параллельдері бойынша екі тілде — қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
4.3. Олимпиаданың тапсырмаларын орындау үшін қатысушы колледж сайтына (kekk.kz) кіріп, «Сайыс» қойындысына өтіп, мамандықты таңдап, тестілеуді бастайды. Аяқталғаннан кейін өзінің электрондық поштасын, телефон номерін мекен-жайын, тегін, атын, әкесінің атын және мектеп нөмірін көрсетуіңіз қажет.

5. Олимпиаданың тапсырмаларын әзірлеу

5.1. Олимпиаданың қатысушылары үшін тапсырмаларды колледждің оқытушылары әзірлейді.
5.2. Олимпиада тапсырмалары тестілік тапсырмалар жинағынан тұрады:
5.2.1.9 сынып оқушыларына:
• экономикалық мамандықтар бойынша: қазақ тілі (25 сұрақ) және математика (25 сұрақ);
• «Құқықтану» мамандағы бойынша: қазақ тілі (25 сұрақ) және құқық негіздері (25 сұрақ);
• «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша: қазақ тілі (25 сұрақ) және Қазақстан тарихы (25 сұрақ);
5.2.2. 11 сынып оқушыларына:
• экономикалық мамандықтар бойынша: қазақ тілі (35 сұрақ), математика (35 сұрақ), Қазақстан тарихы (35 сұрақ);
• «Құқытану мамандығы бойынша: қазақ тілі (35 сұрақ), Қазақстан тарихы (35 сұрақ), дүниежүзі тарихы (35 сұрақ);
• «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша: қазақ тілі (35 сұрақ), Қазақстан тарихы (35 сұрақ), дүниежүзі тарихы (35 сұрақ);

6. Олимпиаданы қорытындылау

6.1. Жұмыстарды тексеру және бағалауды кәсіптік бағдарлау орталығының мүшелері жүзеге асырады. Әділқазы алқасы мүшелері жұмыстарды бағалаудың сапасы мен объективтілігіне, нәтижелерді табыс етудің уақтылылығына жауап береді;
6.2. Олимпиаданың нәтижелері бойынша апелляциялар өткізілмейді;
6.3. 25 ұпай жинаған Олимпиада қатысушылары (9 сынып оқушылары) және 35 балл (11 сынып оқушылары) сертификатқа ие болады. Сетификат иелері колледжге түсу емтихандарына қатыспай өтуге мүмкіндік алады;
6.4. 2018 жылдың 26-28 наурыз аралығында олимпиаданың жүлдегерлеріне электрондық нысанда қатысушы сертификаты жіберіледі;
6.5. Ең жоғары ұпай жинаған оқушыларға, оқу төлем ақысына жеңілдік беріледі.

Орынд: Скендирова Н.Д. тел.56-81-45