«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

«Қаржы» мамандығы бойынша ақпарат

артқа

Мамандық: 051600 — Қаржы (салалар бойынша)
Біліктілік: 0516053 – Қаржы жұмысы бойынша экономист
Оқу түрі: күндізгі, сырттай
Оқу мерзімі:
негізгі орта білім базасы-1 жыл 10 ай
жалпы білім базасы – 2 жыл 10 ай
Кәсіби қызмет саласы: Қаржыгер- экономика саласымен байланысты маман.Компаниялардағы барлық ақшалай операцияларды бақылайтын маман.Ол — серіктестікпен келісімшарт жасауымен, өндіріс табыстарын көбейту үшін қаржылық капиталдың тиімді салымымен жұмыс жасауымен, бюджет фирмасының түсімі және олардың шығындарын бақылауымен, компания шығынға қалмас үшін тексеріп отыруымен айналысады.
Құзырлығы:Аталған саладағы маман кез-келген компаниялардың маңызды қызметін атқарады.Ол фирманың ақшалай операциялары бойынша есептілікті көрсете отырып, қаржылық стратегияға, табысы мен шығысына жауап береді.осыған байланысты, оның міндетіне өкімдер. Жарлықтар, бұйрықтар, есептер және қажетті құжаттарды дайындау міндеттері кіреді. Қаржыгер- ақша қаражаты ағынымен байланысты маман. Сондықтан, ол бастаған өндірісте жүргізілетін барлық қаржылық операциялардың есебін сауатты жүргізу үшін бухгалтерлік іс білімі болуы керек. Қаржыгердің тағы бір қызметтік міндеттемесі жекеменшік компаниясының табыстарын қолдау мен көбейту мақсатында шаруашылық- қаржылық жағдайын талдаумен қатар нарық пен олардың тенденцияларын үнемі зерттеп отыру болып табылады.
Өндірістік практика: Қаржылық жұмыс бойынша экономист өндірістік практиканы кәсіпорындардың жеке меншік (мемлекеттік, коммерциялық) әр түрлі бөлімдерінде, сонымен қатар кәсіпорындарындағы банк саласы қызметінде (банктер, ломбардтар, ақша айырбастау пункттері, биржалар) өтеді.