«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Есеп және аудиттің қолданбалы бакалавры

артқа

Мамандығы: 0518000 – Есеп және аудит
Біліктілігі: 0518054 – есеп және аудиттің қолданбалы бакалавры
Оқыту нысаны: күндізгі
Оқыту мерзімі:
Т және КББ базасында – 10 ай;
Жалпыға орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
Кәсіптік қызмет аясы: Бухгалтер мамандығы – қазіргі уақытта экономика және қаржы саласындағы ең талап етілген мамандықтардың бірі болып табылады. Бухгалтерлік есеп пен аудиттегі қолданбалы бакалаврларды даярлау бухгалтерлік есеп пен есеп берудегі қазіргі заманғы бухгалтерлік және қаржылық есепке алу дағдыларына ие бухгалтерлік есеп және есептілікте ақпаратты қалыптастырудың тұжырымдамалары мен нақты ережелерін түсінетін білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған. Осы мамандық бойынша оқыту барысында студенттер қаржылық, басқару және салықтық есепке алуды ұйымдастыру, қаржылық есептілікті, қаржылық есептілікті талдау және аудит жасау саласында ғылыми және тәжірибелік білім алады.
Құзыреттілігі: Бухгалтер мынадай кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы тиісті:
Ұйым мүлігінің шаруашылық операцияларын құжаттандыру және  бухгалтерлік есебін жүргізу.
Бастапқы бухгалтерлік құжаттарды өңдеу;
Ұйымның бухгалтерлік есеп алу шоттарына жұмыс жоспарын әзірлеу және ұйым басшылығымен үйлестіру;
Ақшалай қаражатты есепке алуды жүргізу, ақшалай  және кассалық құжаттарды рәсімдеу;
Ұйымның бухгалтерлік есеп алу шоттарына жұмыс жоспарының негізінде  ұйым мүлігін есепке алу бойынша бухгалтерлік өткізбені қалыптастыру.
Мүлікті қалыптастыру көздерін бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, ұйымның мүліктік және қаржылық міндеттемелерін түгендеу бойынша жұмыстарды орындау:
Ұйымның бухгалтерлік есеп алу шоттарына жұмыс жоспарының негізінде  ұйым мүлігін есепке алу бойынша бухгалтерлік өткізбені қалыптастыру;
Мүлікті сақтау орындарында түгендеу бойынша комиссия құрамындағы  басшылық тапсырыстарын орындау;
Есеп деректеріне түгендеудің нақты деректерге сай келу сәйкестігін тексеру және түгендеуге дайындық жасау;
Бухгалтерлік есепке алу жазбаларында құндылықтардың жетіспеушілігін есепке алу және есептен шығару, түгендеу нәтижесі бойынша (түгендеу айырмашылықтарды реттеу).
Ұйымның қаржылық міндеттемелерінің түгендеу рәсімін жүргізу.
Бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысуды жүргізу:
Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен алымдарды есептеу және аудару бойынша бухгалтерлік өткізбелерді қалыптастыру.
Салық және алымдарды бюджетке аудару үшін төлем құжаттарын рәсімдеу, олардың есеп айырысу-кассалық банк операцияларынан өтуін бақылау.
Бюджеттен тыс қорларға сақтандыру жарнасын есептеу және аудару үшін бухгалтерлік жазбаларды қалыптастыру;
Бюджеттен тыс қорларға сақтандыру жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын рәсімдеу, олардың есеп айырысу-кассалық банк операцияларынан өтуін бақылау. Бухгалтерлік есептілікті құру және пайдалану;
Ұйымның мүлкін және қаржылық жағдайын бухгалтерлік есеп шоттарында жиынтық нәтижені көрсету,есеп беру кезеңіндегі шаруашылық қызметтің нәтижелерін белгілеу.
Заңнамада белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілік нысандарын құрастыру.
Бюджетке салықтар мен алымдар бойынша салық декларациясын, Бірыңғай әлеуметтік салық (БӘС) бойынша салықтық декларациясын және заңнамада белгіленген мерзімде статистикалық есептіліктің нысандарын құрастыру.
Ұйымның мүлік және қаржы туралы ақпаратына,  оның төлем қабілеттілігі және кірістілігіне бақылау және талдау жүргізу.