«EKO — CHAIIENGE QOSTANAI»

2019 жылдың 20 мамырында ҚҚЖЭК студенттері Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевпен бірлесіп «EKO — CHAIIENGE QOSTANAI» жалпы қалалық сенбілікке қатысты

2, 3, 4, 5,

Тимохович Карина Шымкент қаласында өткен «Өз ісі» стартап-жобаларының IV Халықаралық байқауына қатысты.

Колледждегі «Коворкинг» орталығының Бизнес-мектебі шыңдарды бағындыруда.
2019 жылдың 25-26 сәуірінде «Маркетинг» мамандығының 1 курс студенті Тимохович Карина «Өз ісі» стартап-жобаларының IV Халықаралық байқауына қатысты. Байқау финалы Шымкент қаласында «Мирас» университеті базасында өтті. Карина ірі қара мал басын өсіру бойынша өз бизнес жобасын қорғады. Байқаудың қазылар алқасы кәсіпкерліктің осындай түріне деген көзқарастың бірегейлігін атап өтіп, ақшалай сертификатпен марапаттады.
Жаңа істі ашу үшін жаңа және қызықты бизнес-идеялармен танысудың бірегей мүмкіндігі болғанын атап өтуге болады.

udlxfqDl4nQ

Келесі оқу жылына

«Қостанай жоғары экономикалық колледжі Қазтұтыну ода ғы» мекемесі «Серпін» мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша «Бағалау»мамандығына 11-сынып негізіне қабылдау жүргізеді.Бұл бағдарлама біздің мемлекетіміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарына арналған.Осыған байланысты 23-29 сәуір аралығында колледж өкілдері Шымкент қаласына жалпы білім беретін мектеп түлектері, атап айтқанда 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.Шымкент қаласына келген кезде қала және қала маңындағы 14 мектепке барды. Білім беру грантын тарту үшін мектеп оқушыларымен әңгімелесулер өткізілді.Сондай-ақ колледжге түсу шарттары бойынша түсініктеме берілді.

Келесі оқу жылына

«Қостанай жоғары экономикалық колледжі Қазтұтыну ода ғы» мекемесі «Серпін» мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша «Бағалау»мамандығына 11-сынып негізіне қабылдау жүргізеді.Бұл бағдарлама біздің мемлекетіміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарына арналған.Осыған байланысты 23-29 сәуір аралығында колледж өкілдері Шымкент қаласына жалпы білім беретін мектеп түлектері, атап айтқанда 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.Шымкент қаласына келген кезде қала және қала маңындағы 14 мектепке барды. Білім беру грантын тарту үшін мектеп оқушыларымен әңгімелесулер өткізілді.Сондай-ақ колледжге түсу шарттары бойынша түсініктеме берілді.

«Жеңіс күні»

2019 жылы 6 мамырда «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесінде Жеңіс мерекесіне арналған концерт өтті.
9 мамыр күні біздің әрқайсымыз үшін ата — бабаларымыздың Ұлы Отан соғысындағы жеңісін бейнелейді. Бұл күні бұрынғы КСРО республикаларының барлық қалаларында, соның ішінде Қазақстан да кеңес жауынгерлері мен тылдағы қызметкерлердің ерліктерін еске алып, соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды.
Әлем соғыстың, зұлымдығын , миллиондардың азабы мен өлімін ұмытпауы керек. Біз ҰОС қатысушыларының батырлығы мен ерлігін есте сақтауымыз керек.
Барлық ардагерлерге болашақ ұрпақ үшін Тәуелсіз, мықты Қазақстан құру мүмкіндігі үшінбас иеміз. Біздің еліміздің Қарулы Күштері — сіздің жауынгерлік даңқыңыздың мұрагерлері, біздің әкелеріміз бен аталарымыздың жауынгерлік дәстүрлерінің сабақтастығының нышаны. Отанды қорғау мен қауіпсіздікке қамқорлық-еліміздің әрбір азаматының қасиетті борышы мен міндеті.WhatsApp Image 2019-05-06 at 16.18.46 (1)WhatsApp Image 2019-05-06 at 16.18.43 WhatsApp Image 2019-05-06 at 16.18.40

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕУ

2019 жылдың 4 мамырында Ұлы мереке – Жеңіс күні қарсаңында «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесінің студенттері Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне барды.
ҰОС ардагерлеріне бару дәстүрге айналды, себебі ардагерлердің барлығы бірдей жыл сайын колледжге іс – шараға келе алмайды.
Студенттер құттықтау хаттарын, азық-түлік өнімдерін және конверттерін табыс етті. ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері соғыс туралы, өмір туралы, мәселелер мен қамқорлық туралы айтып берді.WhatsApp Image 2019-05-06 at 16.20.25 WhatsApp Image 2019-05-06 at 16.20.25 (1) WhatsApp Image 2019-05-06 at 16.20.39

«Салық заңнамасының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел

2019 жылғы 30 сәуірде Ф-52, Б-212, Б-213, Фк-18 топтарының студенттері М.Дулатов атындағы КИнЭУ оқытушылары және Қостанай облысының Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған «Салық заңнамасының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелге белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты: ҚР заңнамалық жүйесіндегі өзгерістерге байланысты колледждер мен университеттердің экономикалық мамандықтары студенттерінің салықтық заңнамалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту.
Мамандар ҚР салық жүйесіндегі 2019 жылғы өзгерістер туралы айтып, студенттер мен оқытушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

IMG_3762 IMG_3764

Мұны бәрі білуі керек

2019 ж. 29 сәуірде Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінде жол апаттарын болдырмау жөнінде колледж оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізу мақсатында жол-полициясы инспекторы шақырылды

IMG_4611-min

«Менің отбасым — менің байлығым» фотоконкурсы

Өмірдің әр сәті кайталанбайды. Балалар күн сайын өсіп, өзгеруде, олармен бірге біз де өзгерудеміз. Біздің өмірімізде көптеген эмоционалдық сәттер болады. Осының бәрін жадымызда қалай сақтауымыз керек? Әрине, фотосуретке түсіру және басып шығару!
Әр отбасында естеліктерді фотосуреттер мен альбомдарда сактау дәстүрі бар. Фотосуреттер компьютерде жатпау керек.
Электрондық форматтар тез өзгереді. Ал отбасылық фотосуретгері бар альбомдар ұрпақтан — ұрпакқа берілуі мүмкін.
Фотосуреттер басып шыгаруга лайық.
Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі аясында 29 наурызда «Менің отбасым — менің байлығым» отбасылық фотосурет конкурсы басталды.
Байқау шарттары карапайым болды:
— байқау такырыбына сэйкес оз отбасыңыздың қызықты сурегтерін басып шығару;
— Instagramдағы колледждің ресми бетіне өз суретін қайта салу.
Жеңімпаз «ЛАЙКтың» комегімен дауыс беру аркылы жэне баст-ы посттың астында түсініктеме беру арқылы таңдалды.
Байқау корытындысы бойынша эр түрлі номинацияларда екі жеңі.мпаз анықталды:
— «Мен және менің отбасым» — Қабдешова Айнұр П-58 тобы
— «Біздің тобымыз — отбасы» — Фк-14 тобының студенттері Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

47756293-6b28-4413-bf7f-86fb21918e98

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Этнотолераттық фестивалі»

2019 жылдың 30 сәуірінде «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономика колледжі» мекемесінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Этнотолераттық фестивалі» өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты: студенттер арасында достық қарым-қатынас жасау; бір-біріне көмектесуді, адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету; әртүрлі ұлт өкілдерін құрметтеу. Біздің колледжде 800-ге жуық студент бар, олар 21 ұлт өкілдерінің студенттері. Студенттер әртүрлі ұлттардың костюмдерін көрсетумен қатар әр ұлттың мәдениетімен таныстырды. Біздің студенттеріміз көктемгі көңіл – күй сыйлап қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің, татулығын, бірлігін көрсететін мерекелік іс-шара өткізді. 1 мамырды жалпы мереке ретінде қабылдап, барлық қазақстандықтарды біріктіретін үлкен эмоционалды заряд берді.IMG_4815-min IMG_4803-min IMG_4729-min IMG_4661-min IMG_4631-min