
Халықаралық балалар күні — ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны атап өту шешімі 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы әлемнің 51 елінде өткізілді. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады.
1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күні біздің колледжде «Құттықтау бауы» атты мерекелік іс-шара өтті, онда өнер және спорт саласында қол жеткізген жетістіктері үшін студенттерімізге құрмет көрсетілді.
Колледж әкімшілігі атынан оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі директордың орынбасары Гринь Лилия Викторовна құттықтау сөз сөйлеп, білім алушыларымызды осы тамаша мерекемен құттықтады.
Одан әрі «Алаш-2012» спорт клубының жетекшісі Лиана Николаевна Головоненко және жалпы білім беру пәндері кафедрасының жетекшісі Наталья Васильевна Рыжкова сөз сөйледі. Олар Балалар жылына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен аймақтық спартакиадада біздің колледжіміздің намысын қорғаған спортшыларымызды марапаттап, спорттық жетістіктердің қорытындысын шығарды.
Сахнаға волейболдан студенттер арасында өткен Облыстық спартакиадада 3-ші орынға ие болған Пк-16 тобынан Бегайдарова Гульдана және Гизатова Амина , М-220 тобынан Әлібекова Адэли, М-217 тобынан Ізбасарова Адина, Л-3 тобынан Ниязбекова Алина, Б-20 тобынан Сакетова Ақерке, П-70 тобынан Любрицкая Мария, П-71 тобынан Сапашева Сабинадан құралған қыздар командасы шақырылды.
Сондай-ақ «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша колледж студенттері арасындағы Облыстық лигаға қатысып, жалпы есепте 3-орынға ие болған командамыз марапатталды. Ал «Тоғызқұмалақ» бойынша жеке есепте бірінші орынды Ф-55 тобының студенті Тулегенов Санжар иеленді. Ол медальмен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Шахматтан қалалық онлайн жарыстарға қатысқаны үшін Ф-55 тобының студенті Губайдуллин Диас марапатталды, ол 2-ші орынға ие болды.
Үстел теннисі бойынша жеке колледждер арасындағы жарысқа қатысқаны үшін жеке есепте бірінші орынды Пк-16 тобының студенті Бесенбаев Арман және П-70 тобының студенті Любрицкая Мария иеленді, олар өз шеберліктерін, спорттық мінездерін көрсете білді.
Жеке колледждер арасындағы футбол жарыстарында біздің жасөспірімдер командасы үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, «Do It» би тобының жетістіктері де атап өтілді,олар
«Давай, танцуй» облыстық би жобасының бірінші айналымының Лауреаттары атанды. Б-220 тобының бірінші курс студенті Серебрякова Дарья белсенді өмірлік ұстанымы және «Қазақстан халқы ассамблеясының» концерттік іс-шараларына қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. Біздің колледждің КТК командасы «Достар» КВН лигасының фестиваліне қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.