«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Атана-аналарға жадынама

 Сабақтың өткізілмеу сұрағы «сабақты орта білім беру ұйымдарында, білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік ұйымдарында, ауа райының қолайсыз метеожағдайлар»  ҚР білім және ғылым Министрінің  18 қаңтардағы 2016 жылғы №42 бұйрығымен бекітілген ережесі  бойынша қарастырылады.

Мектептерде сабақ өткізілмейді:

  • 1-4 сыныптар оқушылары үшін температура -25 ᵒС-тан төмен желдің жылдамдығы секундына 2 метр (2 м/с) және одан астам болса;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін температурада -27ᵒС және одан төмен желдің жылдамдығы секундына 2 метр(2 м/с) және одан астам болса;
  • 1-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері үшін температурасы -30С төмен және жел секундына 2 метр (2 м/с) және одан астам болса;

*егер желдің жылдамдығы секундына 2 метр аспайтын болса, температура -5 градусқа өсіп отырады.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдары кез келген температуралық режимге қарамастан жұмыс істейді. Оқытушыларға жаңа тақырыптарды оқытуды жоспарламай, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан сабаққа келген оқушылармен өткен материалдарды қайталап, бекіту ұсынылады.

Оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) сабақ өткізілмейтін жағдайда олардың балаларының сабаққа қатыспауы туралы өздері шешім қабылдайды.

 Айта кету керек, мектептерде сабақ өткізілмеу жағдайы жергілікті атқару органдармен реттеледі.