«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

«Әлеуметтік жұмыс»

артқа

Мамандық: 0501000 – Әлеуметтік жұмыс
Біліктілігі: 0501013 – Әлеуметтік жұмыс маманы
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
Кәсіптік қызмет саласы:Әлеуметтік қызметкер маманымүгедектерге материалдық –тұрмыстық және моральдік көмекті, жалғызбасты қарт адамдарға, көпбалалы аналарға, жетім қалғандарға, ауырпалық түскендерге, экологиялық апатпен байланысты психикалық депрессияға түскен панасыз қалған азаматтарға, ұлтаралық жанжал мен соғыстардан отбасынан, тұрғылықты мекенінен, жұмысынан, өз мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқандарға көмек көрсетеді және ұйымдастырады.
Құзырлығы:кәсіби жұмысты атқара алуы: кеңес беру, дәнекерлік, арнайы көмек, т.б.әлеуметтік қызмет, емдеу –алдын –алу денсаулықты сақтау мекемелері мен ұйымдарында;
өмірдегі қиын жағдайда қалған тұлғаларға дәрігерлік – әлеуметтік қызметтер көрсету;
қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарды, емдеу – алдын-алу мекемелерін, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерін ұйымдастыру және бағыттап отыру;
тұрғындардың дәрігерлік –әлеуметтік проблемасы бойынша ғылыми – аналитикалық қызмет жүргізу;
денсаулықты сақтау және әлеуметтік қызмет мекемелері мен ұйымдарындағы ұйымдастырушылық – басқарушылық және әкімшілік жұмысына қатысу.
Өндірістік практика:Әлеуметтік қызметкер — облыстық және аудандық әлеуметтікмекемелерінде өндірістік практиканы өтеді.