«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Әдістемелік орталық

выДиректордың ғылыми – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Китаева Лариса Геннадьевна
Жоғары біліктілік санатты оқытушы
тел: 8 7142 56-82-64
e-mail: nmrkek@mail.ru
Білімі:
Қарағанды кооперативтік институты, 1989 ж., сауда экономикасы , экономист; Москва кооперативтік институты, 1992 ж., экономика пәндерінің оқытушысы
Біліктілікті арттыру курсы:
«Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Арнайы технология және жалпы техникалық пәндері сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану» 2012 ж.

 

 

Әдістемелік орталық туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
Әдістемелік орталық туралы ереже (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 «Оқу — әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м. а. 2015 жылғ 27 шілдедегі № 488 бұйрығымен бекітілген өзгерістер негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтарындағы № 40 бұйрығымен, ҚР білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 507 бұйрығының ғылыми — әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі негізінде әзірленді.
Ереже «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесінде (бұдан әрі – Колледж) әдістемелік орталықтың қызметін реттейді.
Әдістемелік орталық-әдістемелік жұмысты басқару бойынша колледждің құрылымдық бөлімшесі.
Колледждің әдістемелік орталығының қызметі Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және жоғарыда көрсетілген Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Колледждің әдістемелік орталығы қызметінің мақсаты: педагогтардың кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыруға ықпал ететін және ынталандыратын қолайлы орта құру.
Колледждің әдістемелік орталығы қызметінің міндеттері:
— инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруде педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін жетілдіру;
— озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпылау және таратуды ұйымдастыру;
— педагогтардың шығармашылық бастамаларын ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау.
3. Қызметтің мазмұны мен ұйымдастырылуы
Колледждің әдістемелік орталығының қызметі келесі бағыттарды қамтиды:
— педагогикалық кадрлардың жеке ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру;
— алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені анықтау, қорыту және енгізу бойынша кафедра жұмысын үйлестіру;
— курстар мен тағылымдамалар арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
— оқу және оқу-әдістемелік авторлық материалдарды әзірлеуге педагогикалық кадрларға көмек көрсету;
— Практикалық оқытудың рөлін күшейтуге бағытталған педагогикалық инновациялар мен жаңа білім беру технологияларын, нақты кәсіптік мәселелерді шешуге негізделген белсенді оқыту әдістерін білім беру процесіне енгізу мониторингі;
— оқу-әдістемелік үдерісті жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
— ашық сабақтарға қатысуды және талқылауды жоспарлау;
— әдістемелік семинарлар, конференциялар, көрмелер, әдеби шолулар өткізуді ұйымдастыру;
— ғылыми-әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша материалдарды жинақтау және жүйелеу;
— әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Колледждің әдістемелік орталығының материалдарды жүйелеу бойынша жұмысын басшы жүргізеді.Колледждің әдістемелік орталығының жұмысына кафедра басшылары, оқытушылар, кітапхана қызметкерлері қатысады.
Колледждің әдістемелік орталығының есеп беру құжаттары әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары, тәлімгерлік, біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өту, ғылыми-әдістемелік жұмыс қорытындылары туралы есептер, оқу жылындағы рейтингтік парақ болып табылады.

Ғылыми әдістемелік жобалар  көшу