«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

31.12.20

«#HANDMADE қысқы ғажайып» шығармашылық байқауы

Үлпілдек ақ қар, шырша инелерінің иісі, түрлі-түсті ойыншықтар, жарқыраған безендірулер – бұл барлық балалар мен ересектердің асыға күтетін ең сүйікті мерекесі. Жаңа жыл бұл сыйлықтар мен тосын сыйларды күту уақыты! Бұл мереке әрдайым көптеген әсерлер мен сыйлықтар әкеледі, ең ізгі тілектерді орындайды.
Жаңа жылдық мерекелер жарқын және есте қаларлық болуы үшін әркім өзіне мерекелік көңіл-күй сыйлауы керек.
2020 жылдың 21 желтоқсан күні «Есеп және аудит» кафедрасының топтары арасында «#HANDMADE қысқы ғажайып » — «Үздік шырша ойыншығы» шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: сәндік-қолданбалы өнер арқылы студенттердің шығармашылық дамуына жағдай жасау.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
— «Ең ерекше жаңа жылдық ойыншық»;
— «Табиғи өнімнен жасалған ойыншық»;
— «Жаңа жылдық кәдесый»;
— «Рождестволық ғажайып».
Жұмыстарды бағалау келесі өлшемдер бойынша жүзеге асырылды: жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі (жаңа жылдық тақырыпты көрсету); ойдың жаңалығы , бірегейлігі, шығармашылығы, сапасы және жұмыстың эстетикасы.
Қатысушылар табиғи және қолдан жасалған өнімдердің барлық түрлерін қолданды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жұмыстарға номинациялар берді:
 «Ең ерекше жаңа жылдық ойыншық» — Амантай Аружан, Л-2 тобы.
 «Табиғи өнімнен жасалған ойыншық» — Самурекова Алина, ПБУ -11 тобы.
 «Жаңа жылдық кәдесый » — Закоян Сюзанна, Б-219 тобы.
 » Рождестволық ғажайып » — Кучугова Гулдем, Б-218 тобы.
Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Байқаудың барлық қатысушыларына ерекше шығармашылық жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!