«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

27.10.20

«Арнау -2020»

Қыркүйек, қазан айларында бірінші курс студенттері студенттік өмірдің ерекшеліктеріне үйренуде болды. Сөзсіз студенттер қатарына арнау – жарқын сезім мен ұмытылмас әсерлерге толы сәт және де олар үшін ең маңызды кезең болып саналады.
Биылғы жылы COVID-19-ға байланысты, шектеу шараларын ескере отырып бұл аталған іс-шара барлық мамандықтардың 17 тобында яғни бірінші курс студенттері арасында қашықтықтан өткізілді.

Бірінші курс студенттері, студенттер қатарына қосыла отырып төрт кезеңнен тұратын арнау рәсімінен өтті:
1. «Топтың текқағазы».
2. «SOVA» байқауы.
3. «ҚҚЖЭК тарихы» викторинасы.
4. «Ант беру» рәсімі.
Енді олар- Қостанай жоғары экономикалық колледжінің, үлкен және тату отбасының толық құқықты мүшелері, бір бүтіннің бөлшегі яғни студенттері атанды.
Бірінші курс студенттеріне арнап тілек пен құттықтау сөздерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К. Күнтуған және бірінші курс мұғалімдерінің өкілдері — Н.Д.Скендирова және К.Н Овчаренко сөз сөйледі.
Барлық топтар «Топтың текқағазы» байқауының бірінші кезеңіне өз бейнетаспаларын бар жауапкершілікпен және шығармашылықпен ресімдеп, келесі жүлделі орындарға ие болды: I орынды Ср-7, Пк-16 топтары иеленді, II орынды Мн-28, Б-219, III орынды – М-217, Л-3 топтары иеленді.
«SOVA» байқауының екінші кезеңі бойынша I орын Оэ-11 тобына, II орын — М-215 тобына және III орын – Л-4 тобына берілді.
Үшінші кезеңде студенттер біздің колледждің құрылу және даму тарихы туралы викторина сұрақтарына жауап берді. Осы кезең бойынша келесі орындар анықталды: I орын — ПБУ-11 тобы, II орын – П-69 тобы және III орын – Бк-20 тобы.
27 қазан күні қашықтық форматта «Арнау – 2020» қорытынды кезеңі өтті, онда бірінші курс студенттері салтанатты түрде «Студенттер антын» берді.
Біздің жастарымыз ең қабілетті, ең дарынды және үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз. Батылдық, тапқырлық және шығармашылық сіздің әрқайсыңыздың лайықты болашағыңызды қамтамасыз етеді. Сіз өзіңіздің туған колледжіңіз бен қалаңыздың атын біздің елде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де дәріптей аласыз.