«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

30.09.20

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінде оқу жылы басында, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К. Күнтуған, ЖІК басшысы В. И. Петраш және ЖІК төрағасы Ж. Б. Нуранованың қатысуымен Жастар ісі жөніндегі комитеттің (ЖІК) жалпы колледждік онлайн — жиналысы алғаш рет өткізілді, жиналыс барысында ЖІК негізгі құрамы таңдалды.
Жастар саясаты саласындағы Жастар ісі жөніндегі комитетті дамытудың стратегиялық мақсаты жастармен жұмыс істеудің заманауи технологиялары негізінде тәрбие үрдісіне жағдай жасауды, сондай-ақ студент жастардың жеке қасиеттерін толыққанды дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
ЖІК отырыстарында колледжде жастар саясатына қатысты барлық мәселелерді қарастырады, ЖІК басшысының баяндамаларын, жастар құрылымдарының есептерін тыңдайды.
ҚҚЖЭК ЖІК 5 сектор жұмыс атқарады:
Баспасөз орталығы. Колледжде, кафедраларда өткізілген барлық іс-шаралар колледждің сайтында баспасөз орталығымен көрсетілетін болады, яғни аталған сектор қалалық БАҚ-пен байланыс жүргізеді, жастар іс-шараларын жариялайды. Жетекшісі болып М-215 тобының студенті Дворянкина Милана тағайындалды.
Спорт секторы спорттық іс-шаралар өткізеді, СӨС жұмысына қатысады, спорттағы дарынды студенттерді анықтайды. Секторды «АЛАШ — 2012» спорт клубының жетекшісі П-62 тобының студенті Нигматуллина Амина басқарады, ал басшының орынбасары болып Л-2 тобының студенті Унгефуг Ольга тағайындалды.
Мәдени-бұқаралық сектор студенттердің мәдени бос уақытын ұйымдастыратын болады. Жетекшісі болып Ф-55 тобының студенті Сармурзина Сабина, жетекшінің орынбасары болып Фк-16 тобының студенті Гизатова Амина және Оэ-11 тобының студенті Имгрунт Александра тағайындалды.
Еңбек секторы гигиеналық нормаларды сақтау, колледждің оқу аудиторияларының тазалығын және эстетикалық мазмұнын сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырумен айналысатын болады. Жетекшісі болып Л-4 тобының студенті Голубков Станислав тағайындалды.
Оқу секторы топтардағы студенттердің үлгерімінің нәтижелерін бақылаумен айналысады, сондай-ақ колледж топтарының оқу секторларының жұмысын бақылауды жүзеге асыратын болады. Сектор жетекшісі болып Ф-54 тобының 2 курс студенті Паизова Жасмин, ал басшының орынбасары болып М-217 тобының студенті Жетписова Жұлдыз тағайындалды.
Сонымен қатар, ЖІК төрағасының орынбасары таңдалды, М-213 2 курс студенті Байканова Асем болды, сонымен қатар ол Еріктілер мектебінің жетекшісі болып тағайындалды.
ЖІК хатшысы болып Л-2 тобының студенті Ахметова Аружан тағайындалды.
Колледж жатақханасында тұруды жоспарлап отырған студенттердің сұрақтарын шешу үшін студенттік кеңес жетекшісі болып Л-2 тобының студенті Сапаржан Ақжамал сайланды.
«Жас Отан» ЖК жетекшісі болып П-61 тобының студенті Картабаева Мадина тағайындалды. «Жас Отан» ЖК басшысының орынбасары болып Бқ-20 тобының студенті Омарова Анель тағайындалды.
Құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу мектебінің жетекшісі болып П-66 тобының студенті Самарцева Варвара тағайындалды, ал басшының орынбасары болып П-68 тобының студенті Қонақбай Риза тағайындалды.
Колледждің көркемөнерпаздар жетекшісі болып Л-2 тобының студенті Менделеева Ангелина тағайындалды, Л-4 тобының студенті Асылбек Азат және Мн-27 тобының студенті Алчинбекова Руслана басшының орынбасарлары болып тағайындалды.
«Сармат» ӘПК жетекшісі: Л-1 тобының студенті Сапаров Шыңғыс.
Дебат клубының жетекшісі: П-63 тобының студенті Ибраева Назгүл.
Ақпараттық сектор жетекшісі: М-213 тобының студенті Санников Дмитрий.
«Рухани жаңғыру» жетекшісі: П-65 тобының студенті Крамчанина Алина.
Өлкетану үйірмесінің жетекшісі болып Фк-16 тобының студенті Нұрбекова Диана тағайындалды.
Колледждің бейне редакторы болып П-67 тобының студенті Брехт Ольга тағайындалды.
Старостат жетекшілері болып мыналар тағайындалды: 1 курсқа — Ф-55 тобының студенті Хайруллина Рената, 2 курсқа — ПБУ-21 тобының студенті Нарыжная Анастасия, 3 курсқа — Бк-19 тобының студенті Жылқыбаева Саяна.
ЖІК құрамының жиналысы барысында 2020-2021 оқу жылының 1 семестрінде жоспарланған іс-шаралар ескертілді.
Айта кету керек, біздің студенттерді өте қызықты іс-шаралар күтуде!