«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

20.05.20

Жүрек қалауы бойынша волонтер

Қазір жастардың өзгергені, қайырымдылықтарының азайғаны, қамқорлықтарының, азайғаны, құрметтерінің азайғаны жайында көп айтылып жүр. Бұл мүлде олай емес. Ересек ұрпақтың аузынан «еріктілер», «Тимуршылар деген сөздерді естуге болады, ал жас ұрпақ «волонтер» дейді. Француз тілінен аударғанда ол «ерікті» дегенді білдіреді. «Волонтер» сөзінің синонимі – «ерікті» сөзі. Волонтерлер немесе еріктілер — бұл өз уақыты мен күш-жігерлерін игі істерге жұмсайтын адамдар. Әрине, бұл адамдарда қайырымды іс-әрекеттер жасауға, мәселелерді бірлесіп шешсек деген ниет туындайды.
Волонтер-жаңа термин, бірақ біздің еліміздің қоғамдық өміріндегі жаңа құбылыс емес. Қазіргі волонтерлік (еріктілер) қозғалысы әлеуметтік мәселелердің өсіп келе жатқан санына байланысты кең тарала бастады.
Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі П — 66 тобының 1 курс студенті Құрманғалиев Жансейт жүрек қалауы бойынша ерікті болды. Ол егер адамның адамдарға көмектесуге деген ниеті болса және адал жүрегімен, жан — тәнімен бірдеңе істегісі келсе, онда қорқудың еш қажеті жоқ — деп есептейді. Жансейттің анасы Балгабаева Лейла Кенжегалиевна баласының ортақ іске қатысуына, волонтер болуына қарсы болмады. Жансейт 14 жастан бастап анасына көмектесуде, ауылдарға барып, адамдарға заттар таратады, азық-түлік беруге көмектеседі.
Жансейт құқықтанушы мамандығына оқуда, «Сармат» әскери –патриоттық клубына және «КВН» үйірмесіне қатысады. Екінші жыл ол жоғалған адамдарды іздейтін «Регион 10» іздестіру жасағының жұмысына қатысуда. Жақында Жансейт Алтынсарин ауданы І.Омаров ауылындағы Жуванышев Русланды іздеуге қатысты.
Карантин кезінде Жансейт «ГрИн» клубының еріктілерімен бірге өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін тасымалдауға көмектесті.
Өткен мерекеде Жансейіт ағасы Исламмен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар мен сыйлықтарды тарату үшін 23 ардагерге, тыл еңбеккерлеріне волонтер ретінде барды.
Волонтер болудың көптеген себептері бар, бұл қызығушылық, шығармашылық мүмкіншіліктерін көрсету ниеті, жаңа достар табу, өз тәжірибесімен бөлісу, есейгендігін көрсету.
Ең бастысы — еріктілік қызметінің маңыздылығы мен принциптерін көрсететін игі ой (идея).
Бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жағдайында қоғамның кәсіби және жеке мәдени жоғарыи деңгейге ие, елдің, облыстың, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын адамгершілігі мол, рухани бай және шығармашыл адамдарға деген қажеттілік туындап отыр.
Волонтерлік қызметке қатысу — бұл өскелең ұрпаққа адалдық, әділдік, достық, беріктік, жауапкершілік, жасампаздық пен адам сүйгіштікті қалыптастырудың тамаша тәсілі.