«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

27.02.20

«Мен-болашақ кәсіпкермін» бизнес-жобалар байқауы

«Қостанай жоғары экономикалық колледжінде» 2020 жылдың 26 ақпанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Мен-болашақ кәсіпкермін» атты бизнес – жобалар конкурсы өткізілді. Байқауға «Есеп және аудит», «Маркетинг», «Менеджмент», «Құқықтану», «Қаржы» мамандықтарының 5 командасы қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты: әртүрлі мамандықтағы студенттерді жобалық қызметке тарту және жастардың бойында экономикалық ойлауды, кәсіпкерлік бастаманы қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларды құзіретті қазылар алқасы «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық — инновациялық даму басқармасы» ММ кәсіпкерлік бөлімінің басшысы — Каленов Жаслан Тобылбаевич, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика ғылымдарының докторы, профессор — Жиентаев Сансызбай Мухаметгалиевич, Қостанай жоғары экономикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы — Борисюк Татьяна Егоровна бағалады.
Конкурсқа қатысушылар жоба әзірлеу арқылы өз бизнес — идеяларын, қабілеттіліктерін көрсете алды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Б-215 тобынан Штеер Анатолидің, ПБФ-21 тобынан Омаров Олжастың, М-210 тобынан Нуранова Жанараның, Мн-25 тобынан Кутеев Арманның, П-59 тобынан Муратбекова Альбинаның дайындаған «Ауылдық жерде шағын наубайхана ашу» жобасы үздік жоба ретінде таңдалды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, қалған қатысушыларға грамоталар, жоба жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.