«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

25.02.20

«Бағалаушы, әуенді тап» Музыкалық ойыны

Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінде «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы Күні аясында 25 ақпанда оқытушы Петраш В.И. «Бағалаушы, әуенді тап» музыкалық ойынын өткізді.
Өткізілген іс – шараның мақсаттары:
— бірінші курс студенттерін бағалаушы мамандығымен таныстыру;
— логикалық ойлауды дамыту;
— музыкалық ой өрісін кеңейту;
— командада жұмыс істей білу.
Барлығына танымал бағдарламаның әуені бойынша«Бағалаушы, әуенді тап!» өте қызықты ойын. Ойын үш кезеңнен тұрды. Музыка әуесқойлары үшін түрлі категориялар бойынша музыкалық блоктар: «Жылжымайтын мүлікті бағалау», «Автотраспортты бағалау», «Зергерлік бұйымдарды бағалау» ұсынылды.
Ойын басында жарыс ойыншылардың үш командасы, одан кейін тур жеңімпаздары арасында өтті.
Қатысушылар әуендерді үлкен қанағаттанушылықпен және құмарлықпен тапты, ал көрермендер өз топтастарына ойларына түсіруге көмек беруге тырысты.
Ерекше танымдық іс — шара көңілді және әсерлі өтті. Қатысушылар тек музыкалық таным ғана емес, сонымен қатар көптеген жағымды эмоциялар алды. «ДоМиНо» командасы ойын жеңімпазы атанды.