«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

21.02.20

«Мен – ең үздік бухгалтер» конкурсы

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2020 жылдың 20 ақпанында Қостанай облысы колледждерінің студенттері арасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Егер халық үшін басты байлық — денсаулық болса, онда жан үшін басты байлық — білім мен өнер» аты ұранымен «Мен – ең үздік бухгалтер» тақырыбында жыл сайынғы конкурс өтті.
Конкурстың мақсаты:
• «Бухгалтерлік есеп негіздері», «Қаржылық есеп», «Салық міндеттемелері бойынша есеп және есептілік» пәндерін оқу процесінде алынған білімді жинақтау және жүйелеу;
• бухгалтер мамандығының беделі мен қоғамдық маңыздылығының өсуі
Байқау тапсырмалары 2 кезеңнен тұрды, атап айтқанда теориялық және практикалық бөлімнен тұрды.
Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының студенттері арнайы пәндер бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетті және жүлделі орындарға ие болды. 1 орынды 3 курс студенті Крячкина Олеся (Б-212 тобы), ол ҚМУ ректорының грантына ие болды. 2 орынды 3 курс студенті Никулин Максим (Б-213 тобы) және 3 орынды қолданбалы бакалавриаттың 2 курс студенті Бисебаев Жанат (ПБУ-21) иеленді. Бұл сөзсіз «Есеп және аудит» кафедрасы оқытушыларының еңбегі, олар үшінші жыл қатарынан облыста көшбасшы болып келеді. Байқауға қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!