«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

17.01.20

«Counter-Strike 1.6» компьютерлік ойыны бойынша бірінші Ашық мектеп чемпионаты.

«Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесінде 9 және 11 сынып оқушылары арасында «Counter-Strike 1.6» компьютерлік ойыны бойынша Ашық мектеп чемпионаты өтті.
Чемпионат «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Чемпионат міндеттері:
• ақпараттық технологияларды насихаттау;
• киберспорттық пәндер бойынша талантты ойыншылар мен командаларды анықтау және олардың киберспорттық әлеуетін дамыту.
• командада жұмыс істей білуді қалыптастыру;
• жеңіске деген жігерін қалыптастыру;
• жастардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық өзін — өзі жүзеге асыру және өзін — өзі таныту үшін жағдай жасау;
• өз күшіне деген сабырлылық пен сенімділікті, табандылықты, абыроймен жеңе білуді және абыроймен жеңіле білуді тәрбиелеу
Чемпионат екі кезеңде өтті. 16 қаңтарда 9 сынып оқушылары арасында іріктеу
туры өтті. Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 115 орта мектебінің командасы финалға өтті.
17 қаңтарда 11 сынып оқушылары арасында іріктеу туры өтті. Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясының командасы финалға өтті.
Чемпионатқа қатысушылардың кәсіби бағдарын жүзеге асыру мақсатында ойын барысында кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясының командасы жеңімпаз атанды.
Бұл іс-шараға Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі, № 2 мектеп-лицейі, № 3 мектеп-гимназиясы, Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебі, № 115 орта мектебі қатысты.
Чемпионатты колледждің кәсіптік бағдар беру орталығы, атап айтқанда Успанова Зарина Наймановна, Овчаренко Ксения Николаевна ұйымдастырды. Ұйымдастыру көмегін оқытушылар Курмангалеев А. М., Закранцов И. В., Ермашев Р. К. көрсетті.

Қатысқандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта табыс тілейміз!