«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

16.11.19

ҚР Ұлттық Банкіне арналған ашық сабақ

   Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжінде 2019 жылдың 14 қарашасында «Құқықтану» мамандығының П -60 тобында оқытушы Аманбаева Г. Р. «Банк құқығы» пәні бойынша «Ұлттық банктің құқықтық мәртебесі және атқарымдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
   Сабақ барысында жасалған қолайлы психологиялық климат оқушылардың проблемалық жағдайларды шешу бойынша жауап іздеуде табысқа жету жағдайын жасауға мүмкіндік берді. Жұмыстың ұжымдық формаларынан жеке түріне көшу студенттерді шығармашылық, ізденушілік және зерттеу қызметіне тартуға ықпал етті.
    Бұл практикалық сабақ болғандықтан, оқитын студенттер қиялдағы жағдайларға, жағдайды моделдеуге белсене қатысты.
Сабаққа ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері: қолма — қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі бастығының орынбасары — Жаулыбаев Нұрлан Әлімбайұлы, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау қаржылық ұйымдарды бақылау бөлімінің жетекші маман – экономисі -Кушанова Амина Серікқызы және экономикалық талдау және статистика жетекші маман-экономисі — Мейрембаева Диляра Жақсылыққызы шақырылды.
   Практикалық қызметкерлер Ұлттық банктің қызмет етуінің мәнін толық және объективті ашып көрсетті, көрнекі түрде тарихқа айналған монеталар, ақша купюраларының коллекциясы көрсетілді. Жетекші мамандар банктік қарыз шартын жасау кезінде қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін жүгіну тәртібін түсіндірді
   ҚР Ұлттық Банкі ҚОФ өкілі Жаулыбаев Н.А. студенттердің жақсы теориялық дайындықтары үшін оқытушыға алғысын білдірді.