«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

15.11.19

Бинарлы ашық сабақ

   Қазіргі уақытта қоғамдық өмірдің барлық салаларында жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жолымен іске асырылатын ғаламдық техникалық революция жүріп жатыр «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесінде біріктірілген сабақтар түрінде 2019 жылдың 14 қарашасында «Есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығының Б — 213 тобында «Қаржылық есеп» және «Аудит» (оқу практикасы) пәндері бойынша «Құжаттарды ресімдеу: кассалық құжаттарды және аванстық есепті өңдеу және бақылау» тақырыбында ашық бинарлық сабақ өтті.
   Сабақты арнайы пәндер оқытушылары Қазыбай А.Б. және Кусымбаева А.Ж. өткізді. Сабақта ойын технологияларын қолдану арқылы оқытуды ұйымдастырудың фронтальды, топтық, жеке формасы қолданылды.
Бинарлық сабақты жоспарлау кезінде мынадай мақсаттар белгіленді:
 1С: «Бухгалтерия» бағдарламасындағы жұмыс арқылы есеп және аудит бойынша кассалық операцияларды, кассалық құжаттарды, аванстық есепті, аналитикалық есеп тіркелімдерін ресімдеу бойынша білімдерін жүйелеу, жинақтау, кеңейту және бекіту.
 Кассалық операцияларды есепке алу мен аудитін ұйымдастыру және аванстық есепті өңдеу бойынша кәсіби құзыреттерді іске асыру.
 1С: Бухгалтерия бағдарламасын тәжірибеде қолдану қажеттілігін және оның артықшылығын көрсету.
   Студенттер кіріктірілген сабақта — оқу процесінің белсенді қатысушылары, сабаққа дайындық кезінде ақпаратты өздері талдауға тырысып, мәселелерді анықтайды, қойылған міндеттерді шешудің мүмкін жолдарын ойлап табады. Бинарлы сабақта оқытушылар студенттерге ойлауға, мәселелерді шешуге, осы мәселелерді шешу жолдарын талқылауға және олар өз пікірін айтуда басты назарда ой болу үшін мазмұнына көңіл бөлу мүмкіндігін берді. Бинарлы сабақта студенттердің дамуына осындай жағдайлар жасалды.