«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

07.11.19

«Жасыл Ел» жиналысы

Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің студенттері 2019 жылдың 5 қарашасында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Қостанай облыстық штабы» ҚҚ волонтерлік орталығы ұйымдастырған жиналысқа қатысты.
Жиналыста «Қалдықтарды бөле отырып, Қазақстан табиғатын сақтайық» плакаттар сайысы мен макулатура жинау бойынша байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі плакаттар сайысына мен макулатура жинау конкурсына белсенді қатысты.
Байқаудың мақсаты-қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау, өскелең ұрпақтың экологиялық санасын тәрбиелеу.
«Қалдықтарды бөле отырып, Қазақстан табиғатын сақтайық» тақырыбында конкурстық жұмыстарды бағалаудың барлық критерийі бойынша өткен, плакаттар байқауына 40 — тан астам жұмыс қатысты. Нәтижесінде үздік жұмыстарды таңдап, құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапаттады.
Байқаудың қорытындысы бойынша 2 орынды Б-215 тобының студенті Кундирбаева Дильназ иеленді. Ол грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Байқау қорытындысында макулатураны жинау бойынша біздің колледж 2-ші орынға ие болды және колледжді Жастар ісі жөніндегі комитет атынан таныстырған П-65 тобының студенті Даньяров Оразға мақтау қағазы және бағалы сыйлық табыс етілді.
Іс-шара соңында жалпы фото жасалды. Барлық қатысушыларға белсенді шығармашылық қызметі үшін алғыс айтылды, алдағы уақытта осындай байқауларға белсенді қатысуға шақырды.