«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

11.09.19

Құрметті студенттер!

       Колледжде психологиялық қызмет кабинеті жұмыс істейді (1 қабат – 105), онда сіз маманның консультациясын, өмірлік қиын жағдайларды шешуде психологиялық көмек және қолдау ала аласыз, дамуға, өзін-өзі жүзеге асыруға және тұлғалық өсуге ықпал ете аласыз.
Колледж психологына хабарласуға болатын және қажет болатын сұрақтар:
  1. Оқудағы қиындықтар (бейімделу, төмен мотивация, оқытушымен түсініспеушілік, жадының онша жақсы еместігі, көңілінің алаңғасарлығы). Себебін табуға тырысамыз, жақсы оқу үшін, нені қалай істеу немесе дамыту қажеттігін шешеміз.
     2. Өмір жолын таңдау. Егер сіз қандай жолмен жүргіңіз келетінін білмесеңіз, психолог Сізге өз армандарыңызды, қалауыңызды және мақсаттарыңызды ұғынуға, өз ресурстарыңызды, бейімділігіңізді, және қабілеттілігіңізді бағалауға және сіздің қай салада жүзеге асырылғаныңыздың дұрыстығын түсінуге жәрдемдеседі.
    3. Өз уақытын ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту. Өз өмірін ұйымдастыру, мақсат қою және оларға қол жеткізу тәсілін таңдау мәселелері.
Өзіңде әртүрлі тұлғалық қасиеттерді, дағдыларды және іскерлікті дамыту. Жадын, көңілін (назрын), елестету қасиетін жақсарту.
    4. Топтағы өзара қарым-қатынас. Танысуда қиындық көретін, жақсы қарым-қатынас құруда , жолдастар табуда және топта өзін жеңіл әрі еркін сезінуде қиындық көретін адамдар бар. Тәсілдерді, жеке ресурстарды, курстастармен үйлесімді қарым-қатынас құру үшін амалдарды (әдістерді) зерделейміз.
    5. Ата-аналармен, жақын адамдармен қарым-қатынас. Ата-анасымен, жақын адамдарымен өзара түсіністіктің болмауы — кейбір студенттер осындай жағдайларды шешу жолдарын табады, ал басқаларына мұны істеу өте қиын. Психолог Сізге ата-аналармен жаңа қарым-қатынас жасауды қалай үйренуді және оларды түсінуді, ата-аналар да сізді түсініп, қабылдауы үшін не істеу керектігі туралы айтып береді.

Колледж психоллогы  Ядрова Надежда Викторовна.

картинка внутри ноости