«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

13.08.19

Сұранысқа ие білікті маман болғың келсе, ҚҚЖЭК — не оқуға түс!

MyCollages (1) «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесі бүгінгі таңда Қостанай қаласының экономика саласындағы жетекші колледждерінің бірі болып табылады. Колледж студенттері қала кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, өздерінің теориялық және практикалық дайындығы бойынша жұмыс берушілерден жоғары баға алады. Әлеуметтік серіктестер көптеген студенттерге өндірістік тәжірибеден өткеннен кейін жұмыс ұсынады. Жұмыс берушілердің айтуынша, колледж студенттерін теориялық бөлім бойынша қайта оқытуға немесе үйретуге тура келмейді, бұл болашақ жұмыс беруші үшін үлкен артықшылық болып табылады.

   Біздің колледж ата-аналар мен студенттер тарапынан жоғары сенім рейтингіне  ие. Яғни,  оқу процесінің ғылыми бөлігі түлектерге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ұзақ уақыт қалуға мүмкіндік береді. Колледж қабырғасында болашақ мамандарды дайындау  жұмыс берушілердің көптеген оң пікірлерімен  және алғыс хаттарымен расталады.

    Өткеннің үздік дәстүрлеріне сүйене отырып, колледж бүгінгі таңда тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде еңбек етіп жүрген жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау орталығы болып қала береді.

  Егер сіз әлі өз таңдауыңызды жасамаған болсаңыз және оқиғаға толы әрі ұмытылмас студенттік өмір сүретін колледжді іздесеңіз — Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжін таңдаңыз.

   Есіңізде болсын, сіздің істеп жатқаныңыздың көп бөлігі өзіңізге байланысты!

IMG_4821-min-768x512 IMG_6503-768x370 IMG-20190602-WA0016-768x576