«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

29.06.19

Қысқа мерзімді курстың аяқталғаны туралы мәлімет.

   «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесі «Әкімгер», (администратор) «Бухгалтер», «Қоймашы» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтады .
       Қысқа мерзімді оқыту аясында бүгінгі күні біздің оқу орталығында 82 жұмыссыз оқытылып, олардың барлығы сертификаттар алды. Оқу курсы 3 ай . Практика «Тэрра» ШҚ, НПП ЖШС, «ИНВЕНТ-ПЛЮС» ЖШС, «Көтерме және бөлшек сауда» ЖШС, «Алтын Фазан» ЖК, «Фортаур» ЖШС, «Асылнұр» ЖК өтті.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, ол еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.
     Біздің колледж дуалды оқыту жүйесін енгізуде. Дуалды оқыту жүйесі-мамандарды даярлаудағы, практиканы ұйымдастырудағы, жұмысқа орналасудағы, қатысушылардың кәсіби біліктілігін бағалаудағы мемлекеттің, жұмыс берушілер мен оқу орындарының жауапкершілігіне негізделген, бір мезгілде теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуға негізделген кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі.
Кәсіптік практика-тиісті ұйымдарда, жұмыс берушілер шарт негізінде ұсынатын жұмыс орындарында ұйымдастырылатын және оқыту үдерісінде алынған білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерді алуға бағытталған практика. Біліктілік емтиханын тапсырған, Бағдарламаға қатысушыларына қысқа мерзімді кәсіби оқытуды бітіргені туралы сертификат берілді.IMG_6519-min IMG_6546-min