«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

28.06.19

Сапарың оң болсын, жас түлек!!!

    2019 жылдың 28 маусымында «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық коледжі» мекемесінде алғашқы рет орта білімнен кейінгі білім алған студенттерге «Есеп және аудит», «Менеджмент» және «Маркетолог» біліктілігі берілген, дипломды тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
   Колледж директоры Байғабелов Алтынбек Өсербайұлы құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге 5 өмірлік кеңес берді, белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге, өмірде өз орнындарын табуға, армандаудан және өз болашағын жоспарлаудан қорықпауға, үздіксіз еңбек етуге және дамуға, қолдағы барына алғыс білдіруге тілек білдірді.
  Түлектерді құттықтауға «Қостанай облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы» ММ басшысы Талғат Сапабекұлы Дайров, «Банк ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ қызметін қолдау басқармасының бастығы Сергей Иванович Вотчалов, ішкі жұмыс бөлімінің бас маманы, «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Қаржы министрлігі» ММ Нығмеджан Дана Даулетканқызы, облыстық тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары, колледждің әлеуметтік серіктесі, «Кооператор» ЖШС директоры, Хахлов Сергей Александрович, «Қостанай облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Дайров Талғатбек Сапабекұлы қатысты.
  Дайров Талғатбек Сапабекұлы, 1984 жылы біздің кооперативтік техникум «Сауданы ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, бірнеше жылдан бері Менеджмент және маркетолог мамандықтары бойынша бітірушілерді қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы болып келеді.
  «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ банкінің директоры Таукебаев Серік Наргабайұлы біздің түлегіміз және колледж түлектері қауымдастығының мүшесі, «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ біздің бұрыннан келе жатқан әлеуметтік серіктестігіміз болып келеді. Біздің колледж студенттері оқу және өндірістік тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ,студенттер практика аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасқанын және банкте қызмет атқарып жатқанын атап өтуге болады.
  Біздің колледж мемлекеттік кірістер департаментімен тығыз байланыста, есеп және аудит мамандығы бойынша студенттер онда оқу және өндірістік тәжірибеден өтеді. Қазіргі уақытта біздің колледждің 30 студенті оқу тәжірибесінен өтуде.
  Сергей Александрович бірнеше жыл маркетинг мамандығы бойынша біздің колледжде мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың төрағасы болып келеді. Сергей Александровичтің айтуынша, колледж бүгінгі күні экономика саласында сұранысқа ие, уақыт пен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын студенттерді шығаруда.
  Талғат Сапарбекұлы біздің колледждің түлегі, 1984 жылы «кооперативтік сауданы ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
  Салтанатты шара соңында ата-аналар мен түлектер педагогикалық ұжымға өздерінің алғыс сөздерін айтты. Топ кураторлары өз кезегінде студенттер мен қонақтарды құттықтап, оларға таңдаған мамандытары бойынша танылуға тілек білдірді.1-min 2-min 3-min 4-min 5-min