«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
                                                                                                                                                                                                                                                  #   #
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат


Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

24.04.19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ТӨРЕШІ –ОҚЫТУШЫ АЛЕКСЕЙ НИКОЛАЕВИЧ ТОЛМАЧЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ

Алексей Николаевич Толмачев 1946 жылы 28 қазанда дүниеге келді. Ол Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, бапкер, төреші, Алексей Николаевич Толмачев, 2015 жылы 4 сәуірде 69 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 1969 жылы Алматы дене шынықтыру және спорт институтын бітіріп, Қостанай кооперативтік техникумына жолдамамен келіп 45 жыл еңбек етті. Бар өмірін спорт пен білімге арнады.
Алексей Николаевич өмірін белсенді позицияда ұстады және өзінің ақжарқындығымен,ақкөңілдігімен әр адамға көмегін беруімен әріптестері мен оқушылардың есінде мәңгі қалады.
2019 жылы 23 сәуірде Қостанай жоғары экономикалық колледжінде
еске алуға арналған 300 метр қашықтыққа V — ші ашық жеңіл атлетикалық жүгіріс өткізілді. Жарысқа 84 –тен астам оқушы қатысты.
Қорытындысында ер балалар арасында келесі орындар берілді:
1 орын — Жуматаев Аружан П-60
2 орын — Сидоренко Максим Л-1
3 орын — Штеер Анатолий Б-215
Қыз балалар арасында:
1орын — Синютина Алиса Л-1
2орын — Савина Ульяна П-58
3орын — Ниязбаева Альбина Б-214
Ең белсенді топ Фк-14
Топ оқушыларына V –ші ашық жеңіл атлетикалық жүгіріс кубогі және естелік сыйлық берілді. Бұл іс–шара Алексей Николаевич Толмачевты еске алу құрметіне өткізу дәстүрге айналған.

IMG_4407 IMG_4393 IMG_4235 IMG_4139 IMG_4109