«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

15.11.18

Колледж студенттерінің «СанТехКостанай» ЖШС жоба жетекшісі А. С. Шинкоренкомен ашық диалогы өтті.

       Колледждің Коворкинг орталығының қызметін жүзеге асыруды жалғастыра отырып, ағымдағы жылдың 13 қазанында «Бизнес мектеп» аясында «СанТехКостанай» ЖШСжоба жетекшісі А.С. Шинкоренконың қатысуымен «Интернет маркетинг және интернет маркетинг құралдары» атты ашық диалогы өтті. Кездесуге бизнес мектептің қатысушылары мен «Маркетинг» мамандығының студенттері қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты интернет-маркетинг құралдарының артықшылықтарымен танысып, оны тиімді жылжыту үшін бағыттарды қарастыру.
      Кездесу барысында Александр Сергеевич сатылымның артуы, клиенттік базаны кеңейту және бизнесті дамыту тақырыбын қозғады, өзінің студенттік өмірі туралы әңгімеледі. Интернет-маркетинг құралдарын сауатты пайдалану және ресурстың үнемі жақсаруына әкелетін сайтты жылжыту бойынша барлық кешенді қызметтер мәселелері әңгімелеудің маңызды бөлігі болды.

IMG_0419 IMG_0422 IMG_0424