«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

15.08.18

ҚҚЖЭК Рой Джонсонді қарсы алды!!!

Қостанай жоғары экономикалық колледжі жұмыс барысында  туындайтын сұрақтарды кәсіби шеше алатын мамандарды  дайындаумен қатар студенттерді салауатты өмір салтына талпынуын қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасайды. Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау — колледждің маңызды міндеттерінің бірі.

Салауатты өмір салтын насихаттау аясында колледж басшылығы атынан директор Байгабелов Алтынбек Усербаевичаты аңызға айналған америкалық кәсіпқой-боксшы,бокс тарихындағы орта салмақта, екінші орта, жартылай ауыр және ауыр салмақта әлем чемпионы болған тұңғыш боксшыРой Джонсонмен кездесу ұйымдастырды.Спортшы өзінің статистикаменәйгілі: карьерасында ол 74 ұрыс жүргізіп, оның 65 жеңісіпен (47 нокаутпен) және тек 9 ғана – жеңіліспенаяқтаған.Онымен қоса Рой Джонс музыкалды және актерлік мансабымен белгілі. 2001 жылы ол рэп стиліндегі алғашқы альбомын жазды, ал 2003 жылы «Матрица: Перезагрузка» фильмінде капитан Баллард рөлін сомдады.

Рой Джонс студенттермен әңгіме кезінде:«Мен ешқашан колледжге қайтып келемін деп ойламаппын, ертеңгі күні құдай саған не дайындап қойғанын білмейсің. Студенттермен әңгімелесуге мүмкіндік бергені үшін колледж басшылығына рахмет. Жастар мені жаңа жеңістерге шабыттандырады, себебі сендердің жастарыңда менде өте көп жоспар құратынмын, идеялар мен оларды орындау туралы армандайтынмын» деп атап кетті.

Кездесу соңында студенттер аты аңызға айналған боксермен естелік үшін суретке түсіп, қолтаңбалар алды.

22 33 IMG_4134 IMG_4186 IMG_4203 IMG_4247 Именалинова Альбина студентка группы Ф-52 двухкратная чемпионка Казахстана по кикбоксингу, кандидат мастера спорта. Тамерлан Серикбай студент группы ПК-12 призёр Казахстана по КУДО