«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

07.06.18

Қостанай облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының студенттер арасындағы «IT — Бухгалтер» жарысы

Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» болашаққа көзқарас: жаңғырту, қоғамдық сана бағдарламасы шеңберінде және Китебаева Кенжегүл Альмагамбетовнаның түлегі құрметіне «Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы» ММ және КММ «Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы»»Қостанай жоғары экономикалық колледжі» Мекемесінің базасында 06 маусым 2018 жылы Қостанай облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының студенттер арасындағы «IT — Бухгалтер» жарысы өтті.
Байқауды өткізудің мақсаты Қостанай облысы бойынша орта және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі «Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамандығын даярлау сапасын арттыру.
Конкурсқа қатысушыларға үй тапсырмасына топтың атауы, ұраны және эмблемасы, » IT — Бухгалтер» атты тақырыпқа видео бейне,призентациялар дайындап келеу керек болды.
«Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті  бөлімінің жетекшісі Нұркина Айгүл Сапарқызы сәлемдесу сөздерін айтып өтті.
Қатысушылардың жұмыстарын тәуелсіз әділқазылар алқасы бағалады. Оның құрамына: «Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті  бөлімінің жетекшісі Нұркина Айгүл Сапарқызы; экономика ғылымдарының докторы, профессор Жиентаев Сансызбай Мухамедгалиевич; Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, Бисембаева Диана Валерьевна; жастар бастамасын дамыту секторының маманы КММ «Жастар ресурстық орталығы» Симаков Сергей Дмитриевич, СПК «ТОБЫЛ» бас бухгалтері Ержанова Камила Баяхметовна; ЖШС директоры, «WEBTEX» Джаканов Дамир Сатбаевич болды.
Байқауға қатысушылар жоғары деңгейде шығармашылық қабілеттіліктерін пайдаланды, білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімді екенін көрсете білді.
Жүлделі орын төмендегідей бөлінді:
1 орын – «Қазтұтынуодағының Қостанай  жоғары экономикалық колледжі» мекемесі;
2 орын – «Қазтұтынуодағының Қостанай  жоғары экономикалық колледжі» мекемесі;
3 орын – КМҚК «Рудный қаласы әкімдігінің » Рудный политехникалық колледжі»;
Номинация «Шешім» –»Қостанай гуманитарлық колледжі» Мекемесі;
Номинация «Жеңіс жігері» – ЖМ » КИнЭУ колледжі»;
Номинация «Позитив» – «КМҚК»Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі;
Номинация «Жақсылыққа деген ұмтылыс» КМҚК «Қостанай политехникалық жоғары колледжі».
Барлық қатысушылар мадақтамалар, алғыс хаттар алды. жүлделі орындарға ие болған командаларға кубоктар табысталды.
Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

IMG_9051 IMG_9048 IMG_9046 IMG_8995 IMG_8911