Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары
27.12.17
БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ«Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясының аясында 2017 жылдың 26 желтоқсанында колледж студенттері «Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа жылдық құттықтаумен барып қайтты.
Колледж студенттері бұл кездесуге ұзақ уақыт дайындалды: олар балаларға жаңажылдық сыйлықтар және концерттік бағдарлама дайындады.
Концертті жүргізген: Жанабай Алмат және Кравчук Валентина. Әншілер: Дитаева Самал- ағылшын, Мендыбеков Ердаулет-француз, Кравчук Валентина — орыс тілдерінде өлеңдер айтты. Бишілер: Мокрушина Милена, Бондарева Виктория, Ыбраева Гүлнұр, Нұрмұхамбетова Несібелді – өзбек және заманауи би биледі. Колледж студенттері балалармен шырша жанында ойындар ойнады, би биледі. Балалар мерекеден үлкен әсер алды.
Бұл жаңа жылдық іс-шара фотосессиямен және жылы лебіздермен аяқталды.