«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

18.12.17

«БЕЛАЯ ЮРТА» ФЕСТИВАЛІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Екі аптаның ішінде қатысушылар мен жанкүйерлер алдын ала күтуде болды, ал бүгін, 14-желтоқсанда «Белая юрта» таланттар фестивалінің қорытындысы жарияланды.

Конкурстық бағдарламаға қатысатын орындаушылардың шеберлігін колледж студенттері мен фестиваль қонағы,  облыстық КВН командасының капитаны Тасман Талиповтан  тұратын әділ қазылар алқасы бағалады.

2017 жылдың 30 қарашасында «Белая юрта» фестивалінде байқаушылар келесі бағыттар бойынша сәтті өнер көрсетті: би, вокалдық, вокалдық-аспаптық орындау, поэзия және КВН командасы.

Номинация бойынша жеңімпаздар:

«Үздік вокалдық орындау» — «Адам боп жаралған соң» әнімен«Құқықтану» мамандығының П-58 тобының 1 курс студенті Жанабай Алмат;

«Вокалдық аспаптық орындау» — Бахытқали Әлішер «Жекпе жек» (домбра) «Құқықтану» мамандығы бойынша ПК-12 тобының 2 курс студенті;

«Үздік би» — Мұратбекова Жұлдыз және Бриматова Райхан, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының Бк-18 тобының 1 курс студенттері;

«Поэзия» — Назарбекова Мадина «Менің колледжім», ФК-14 тобының «Қаржы» мамандығының 1 курс студенті;

«Үздік KВН командасы» — Oe-8, Oe-9, Sr-6 тобының студенттері кірген «114 аудитория»КВН командасы;

«Қазтұтынуодағы» Қостанай жоғары экономикалық колледжі» м-нің директоры Байғабелов Алтынбек Өсербайұлы студенттерді құттықтап, сертификаттарды, жүлделерді және КВН қатысушыларына — «Директор Кубогын» тапсырды. Ол барлық оқушыларға қаланың және Қазақстан Республикасының сахналық алаңдарында шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

IMG_2925

IMG_2912

IMG_2935

IMG_2960