«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

08.12.17

«Ақ шаңырақ» фестивалі

2017жылдың 30 карашасында Тұнғыш Президент Күні қарсанында колледжде «Ақ шаңырақ» фестивалі өтті. Бұл іс-шара колледжде жыл сайын өткізілуде.

Фестивальдің мақсаты:

  • -өнерлі студенттерді анықтап, олардың өнерін шыңдау;
  • -өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;
  • -өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Бұл фестиваль студенттердің өз бойларындағы ерекше қасиеттерін бағалай білуге, оны өз өмірінің кілті етіп биік шыңға жетуге, өз жолын табуға көмектеседі. Байқауға 1-2 курс студенттері  қатысты. Дарын иелерін айқындау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, болашағына бағыт беру – тәуелсіз еліміздің көркеюінің кепілі. Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

-«Үздік әнші»-жеке дауысты ән салу;
-«Үздік би»жеке немесе топпен би билеу;
-«Үздік КВН тобы» жеке немесе топтық өнер.

Іс-шара барысында ұстаздар  студенттердің қаншалықты дарынды, қабілетті екенін байқады.

Фестиваль  жүлдегерлері 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кешімізде марапатталады.

IMG_2546

IMG_2552

IMG_2581

IMG_2608

IMG_2641

IMG_2682

IMG_2683

IMG_2687

IMG_2672