«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
   Мекен жайы: Қостанай қ. Әл-Фараби, 99, kekk.kst@mail.ru Картада қарау Телефон: +7 (7142) 56-81-62 Колледж бойынша саяхат

Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары

16.11.17

«Тәжірибе алмасу» атты танымдылық марафоны

2017 жылдың 16 қарашасында «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономика колледжі» мекемесінде  есеп-қаржы және экономика пәндерінің апталығында «Тәжірибе алмасу»  атты танымдылық марафоны өткізілді. Іс-шараға «Бағалаушы» мамандығы бойынша білім алып жатқан  1, 2 және 3 курс студенттері қатысты.

Іс-шара бойынша, дайындалған және ынталы еріктілер (Оэ-7 тобы 3 курс студенттері) өздерінің замандастары (бірінші және екінші курс Оэ-8,9 топтарының студенттерін)  жаңа білім алуға,  «бағалау» мамандығы бойынша кәсіби дағдыларын дамытуға бағыттады.

Үшінші курс студенттері «Бағалаушының  өмірінің   бір күнін» көрсетті, «Ерте қозғалу – жетістікке жету кепілі» тақырыбына шеберлік-сабағын,  ЖШС «Оценка КZТ» және  «Альтаир» компаниясының кәсіби бағалаушыларының қатысуымен «Бағалаушы – менің болашақ мамандығым» атты баспасөз – конференциясын  өткізді.

Қатысушылар өздерінің жақсы көңіл-күйлерімен бөлісіп, барлық студенттерді  флешмобқа шақырды.

Марафон нәтижелері – жақсы эмоциялар, кәсіби бағыт-бағдар, білімдерін толықтыру, топ студенттері арасында танысушылық  пен  достықтың нығаюы.

IMG_2385

IMG_2427