Басты жаңалықтар, Без рубрики, Колледж жаңалықтары
14.11.17
«Мансап. Шығармашылық. Жетістік.» интеллектуалдық сайысы2017 жылғы 14 қараша айында есеп-қаржы және экономика пәндерінің апталығында оқытушылар Учуваткина Р.М., Громова Е.В. «Мансап. Шығармашылық. Жетістік.» атты интеллектуалдық сайысын ұйымдастырды да өткізді. Сайыстың қатысушылары: «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандығының 1,2,3 курс студенттері. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың танымдық қызметін белсендіру, болашақ мамандығына қызығушылығын ынталандыру, экономикалық ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін анықтап, оқып жүрген пәндерінен жоғары білім деңгейін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша «Брокер» атты командасы («Маркетинг» мамандығы) 1 орынға ие болып, ал «Браво» командасы («Менеджмент» мамандығы) 2 орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!